Өңірлік полиция департаментіне бағынысты жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Әлішер Қалышевтің айтуынша, тамыз айының соңында басталып, 6 қыркүйек күні түйінделетін «Абайлаңыз балалар» акциясы аясында білім ошақтарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілмек.
– Шара барысында жергілікті полиция қызметі қызметкерлері мен ювеналдық полиция инспекторлары әрбір мектептің жанында қоғамдық қауіпсіздік шараларына жауапты болуда. Жалпы, акцияның негізгі мақсаты – балалардың жарақаттануының алдын алу және оқушылардың жол жүру қағидаларына қатысты білімін арттыру. Бұдан бөлек, өзге де құқықты тақырыпта сұхбаттар мен сабақтар ұйымдастыру. Айта кету керек, бұл күнде облыс аумағында орналасқан 507 мектеп пен 42 колледжге 561 полиция қызметкерлері бекітілді. Ал, қала мен аудан орталықтарында орналасқан білім беру мекемелеріне 3 қызметкер жауапты болды. Сондай-ақ, шалғай орналасқан ауылдардағы мектептерде топтар құрылып, әрбір топқа 3-4 мектептен жүктелді. Атап өтерлігі, «Алғашқы қоңырау» іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары күшейтілген бағыттағы жұмыс режиміне көшірілген болатын. Осы күні мектептерде қоғамдық тәртіпті сақтау әрі қылмыстың алдын алу мақсатында бас-аяғы 970 полиция қызметкері мен 247 қызметтік автокөлік жұмылдырылды, – деді Әлішер Тілләбекұлы.
Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг соңында жасөспірімдердің қоғамдық орындар мен көшелерде шоғырлануын полицейлер ерекше бақылауға алғанын жеткізген спикер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жалған сөздің жазасы ауыр
- 4 желтоқсан, 2025
Ата-анасы бөлек тұратын баланың құқығы қорғалған ба?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




