– Өзіңіз Шу ауданындағы ең жас депутатсыз. Халыққа керегі – мәселенің шешілгені. «Жол картасы» жобасы бойынша да талай істің жүзеге асуына ықпал етуге болады. Бұл ретте сіздің көзқарасыңыз қалай?
– Депутат мандаты – елдің аманаты. Жас болсам да жұмыстың белсенділігі жас айырмасымен өлшенбейді. Сондықтан, бірден іске кірістім. Шу аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі ретінде «Жол картасының» өзіме бекітілген тармақтарының орындалуына тұрақты түрде зерделеу жүргізіп келемін. Жол картасындағы пункттердің орындалуы бойынша Жаңақоғам ауылдық округіне қарасты Көктөбе ауылындағы Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және мектептің шатырын толық жаңалау бойынша депутаттық сауал жолдап, аталған жұмыстардың 2025 жылы орындалатыны туралы жауап хат алып отырмын. Бұл мәселені үнемі назарда ұстаймын. Жол картадағы пункттердің орындалуы бойынша зерделеу жұмыстарына тұрақты түрде қатысып жүрмін. Атап айтқанда, Жаңақоғам ауылдық округі, Көктөбе ауылындағы құрылысы жүргізіліп жатқан орталықтандырылған су құбыры бойынша тапсырыс беруші тарапқа тиісті ұсынымдар бердік. Ұсынымдар назарға алынып, аталған нысанның құрылыс жұмыстары тиісті мерзімінде аяқталатын болды.
Партиялық бақылау комиссиясының күн тәртібіне сәйкес есеп берген тиісті мекеме, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне сұрақтар мен ұсынымдар бергенмін. Ол ұсынымдар ескеріліп, назарға алынды.
Депутаттық фракциясының мүшесі ретінде бөлініске сәйкес Жол картасының, сайлаушылардан келіп түскен аманаттар мен талап, тілектерінің орындалуын назарда ұстап, құзырлы орган басшылары тарапынан орындалуы бойынша ақпарат алып, сайлаушылар назарына ұсынып келемін. Фракция отырысында фракция мүшесі ретінде атқарған жұмыстарым бойынша есеп беріп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, партия аудандық филиалының жоспарында бекітілген іс-шараларға қатысып, нақты ойларымды жеткізуден жалыққан емеспін.
– Сіз айтқан нақты ұсыныстардан шығып жатқан қандай нәтиже бар?
– Шу аудандық мәслихаттағы тұрақты комиссиялардың отырыстарында және сессияларда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстарымды жеткіздім. Оң нәтиже байқалады. Мысалы, Бірлік ауылындағы «Алпамыс» балабақшасы теміржол тұйықтарының қасында орналасқандықтан балалардың өміріне қауіп тудыруда. Балабақшаны басқа мекемеге көшіру туралы Шу аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысына депутаттық сауал жолдап, осы аталған мәселе бойынша шара қолдану керектігін жеткіздім. Нәтижесінде аталған мәселенің оң шешімін табу бойынша балалардың қатынауына және тұрғындарға ауыртпашылық туғызбайтындай ғимарат қарастырылуда. №15 сайлау округіне сайланған депутат ретінде сайлаушылармен жалпы үш кездесу өткіздім. Тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер мен өтініштерді ескере келе құзырлы органдарға бес депутаттық сауал жолданды. Оның ішінде Көктөбе ауылының су жүйелері құрылысы туралы және Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебін газға қосу, Бірлік ауылында халық санының артуына байланысты балалар ойын алаңын соғу сияқты мәселелер көтерілді. Нәтижесінде су жүйелерінің құрылысы бойынша 2023 жылдың сәуір айында ауыл ақсақалдары мен қоғамдастық кеңес мүшелерімен жиын өткізіліп, зерделеу жұмыстарын жүргіздім. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді мердігер толықтай қалпына келтіруі талап етілді. Осы кемшіліктердің орындалуын қадағалау «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мекемесіне жүктелген болатын. Сонымен қатар, мектепті газға қосу бойынша 2023 жылдың қаңтар айында облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім беріліп, облыстық бюджеттен қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу порталына берілген. Бүгінгі күні мектеп газбен қамтамасыз етілген. Балаларға ойын алаңын соғу бюджет тапшылығына байланысты кейінге шегерілді.
Өз сайлау округіндегі бастауыш партия ұйымдарымен екі кездесу ұйымдастырдық. Партия мүшелерімен өткен кездесуімде депутаттық өкілеттігім бойынша есеп беріліп, атқарылатын жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар, партия мүшесінің этика кодексі мен ішкіпартиялық тәртіптің қатаң сақталуы аталып өтті.
Партия аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес үш рет қоғамдық қабылдау өткізіп, алты азаматты жеке сұрақтарымен қабылдадым. Азаматтарға заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осылай, күн сайын жасап жатқан жұмысымыздың нәтижесі бар.
– Партиялық жобалардың жүзеге асу қарқыны қандай?
– «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобаларына қатысты аудандық филиалдың өткізген іс-шараларында депутаттық фракция мүшесі ретінде тұрақты қатысамын. Партия аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне қайырылған азаматтарға өз қаражатымның есебінен қаржылай көмек көрсетудемін.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында арнайы құрылған топтың жұмысына қосылып, аудандағы әлеуметтік нысандардың осал топ азаматтарына қолжетімділігін зерделеу жұмыстарына қатысып, істің оң шешілуіне күш салудамын.
Жыл басынан бері өткен мобильдік қоғамдық қабылдауларға да қатысып келемін. Ондағы көтерілген мәселелер партия бақылауында. №15 сайлау округінен сайланған депутат ретінде өткізген қоғамдық қабылдау жұмыстары барысында Бірлік ауылының тұрғындары тарапынан 8 өтініш айтылды. Айтылған өтініштерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мысалы, Бірлік ауылындағы Амангелді көшесінің түнгі жарықтандыру шамдары істен шығып, жөндеу қажет екендігі сөз болды. Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігінің тиісті бөлімдеріне сауал жолданды. Жауап хатына сәйкес жоғарыда айтылған түнгі жарықтандыруды жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Заман көшінен қалмай Facebook, Instagram, Telegram, Tik-tok, Twitter желілерінен жеке парақшалар ашқанмын. Үнемі жұмысымның маңызды жақтарын салып, көпшілікпен бөлісемін.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Есет ДОСАЛЫ.
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
«Отандық медицина сапасы шетелдегіден кем түспейді»
- 4 қазан, 2024
«Өмір деген самғау мен кідірістер»
- 4 қазан, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді