Ұйым белсенділігі жоғары

Ұйым белсенділігі жоғары
Ашық дереккөз
Қай кезде де нақты іс бағалы. Мұндай белсенділіктің саяси партияларда, қоғамдық ұйымдарда байқалғаны – дамуға деген бетбұрыс. Өңірімізде Amanat партиясы атқарып жатқан жұмыстар жетерлік. Олар қандай істе, қай салада болмасын көзге түсіп келеді. Мұндай белсенді қоғамдық ұйымдар қатарында Amanat партиясы Шу аудандық филиалы да бар.

Бүгінгі күнге дейін Amanat партиясы Шу аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 95 қабылдау өткізіліп, 216 өтініш келіп түскен. Түскен өтініштердің 126-сы оң шешімін тапты, яғни 58,3 пайызды құрайды, ал қалған 90 өтінішке немесе 41,7 пайызы заң аясында түсіндірілді. Сонымен қатар, партия аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес Шу ауданы әкімінің де азаматтарды қабылдауы тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл қоғамдық қабылдаулардың барлығы да өзінің жемісін беріп отыр.

Атап айтар болсақ, «Қарызсыз қоғам» жобасы аудан аумағындағы Бірлік, Көктөбе, Қонаев, Балуан Шолақ, Дулат, Жаңа жол, Ескі Шу, Алға, Өндіріс, Бірлікүстем, Төле би, Далақайнар ауылдық округтері мен Шу қаласында өтіп, жалпы 570 адам арнайы сертификаттар алды. Мұның өзі көптеген тұрғындардың қаржылық сауаттылығына оң әсерін бергені анық. Әр ауылдық округтегі іс-шаралар қызу талқымен өтті.

Сондай-ақ, Amanat партиясы Шу аудандық филиалы тарапынан бастауыш партия ұйымдарының төраға/төрайымдарымен 2024 жылдың үшінші тоқсанына арналған жұмыс жоспары және 20 пайыз нысаналы трансфертті пайдаланудың жаңа тәртібі бойынша ZOOM платформасы арқылы онлайн семинар өткізілді. Нысаналы трансфертті пайдалану мақсатында маусым айында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Далақайнар» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен 9 бастауыш партия ұйымының мүшелері арасында шахматтан жарыс өтті. Жеңімпаздарға медальдар, кубоктар, арнайы қатысқаны үшін дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Amanat партиясы Шу аудандық филиалының консультанты Ержан Вахитов: «Amanat партиясы Шу аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырыстары да белгіленген жоспарға сәйкес өтуде. Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес тиісті бөлім басшылары мен құзырлы орган басшыларының есептері тыңдалып, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері күн тәртібіне шығарылған мәселелерді талқылай келе, тиісті қаулылар қабылдады.

Сонымен қатар, аудан аумағында 4 партиялық бекет ашылды. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері тарапынан барлық партиялық бекетке тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Комиссия мүшелері «Бақытты отбасы» партиялық жобасының жоспарына сәйкес «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясы аясында және оқу маусымы кезінде 1-4-сынып оқушыларының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуімен танысу мақсатында аудан орталығының бірқатар білім нысандарын да аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Amanat партиясы Шу аудандық филиалының қызметкерлері және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторларымен бірге шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелерін аудан тұрғындарына түсіндіріп, арнайы парақшаларын таратты. Сондай-ақ, партия аудандық филиалының қызметкерлері және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Шу қалалық әкімшілігінің мамандарымен сауда объектілері: дүкендер, кафелер, дәріханаларда көрнекі жарнамалар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес бірінші мемлекеттік тіл қазақ тілі, екінші ресми тіл шетел тілдері қолданылатындығы туралы рейд жұмыстарын жүргізді.

Аудандық мәслихаттағы партияның фракция отырысы да бекітілген кестеге сәйкес өтуде. Фракцияның күн тәртібіне байланысты аудан әкімінің орынбасарларының, бөлімдер мен мекеме басшыларының есептері тыңдалып, отырыс соңында шығарылған мәселелерді талқылай келе, тиісті шешімдер қабылданды.

Партия аудандық филиалының тарапынан кәсіби мерекелерде сала мамандарын және Чернобыль апатына 38 жыл толуына байланысты марапаттау жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мысалы, апат салдарын жоюға атсалысқан батырлар Amanat партиясы Шу аудандық филиалының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында ауданның этно-мәдени орталықтарының басшыларымен, «Халықаралық байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні» қарсаңында ауданның байланыс қызметкерлерімен, мәдениет және өнер саласының, медицина саласының, мемлекеттік қызметшілермен, полиция және сот, сондай-ақ бұқаралық ақпарат қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында аталған сала қызметкерлерінің үздіктеріне партия аудандық филиалының Құрмет грамоталары табыс етілді.

Amanat партиясы облыстық филиалы Әйелдер қанатының кеңесшісі А.Әшімова аудандық филиалдың мәжіліс залында ауданның кәсіпкер әйелдерімен кездесу өткізіп, аудандағы кәсіпкер әйелдердің жұмысымен танысу мақсатында бірқатар нысанды аралап қайтты. Сонымен қатар, кездесу барысында Шу ауданында Әйелдер қанатының төрайымы болып «Қонаев» бастауыш партия ұйымының төрайымы Махаббат Сұлтанова сайланды.

Партия аудандық филиалының «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «ТазаLike» акциясы аясында 9 Мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай жалғызілікті қариялардың үй шаруасында көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Жастар Рухы» ЖҚ-ның мүшелері «Таза бейсенбі» акциясына да белсенді түрде қатысуда. «Жастар ресурстық орталығы» мен «Жастар Рухы» ЖҚ-ның мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, көршілес Мойынқұм ауданына да барып қайтты.

Партия облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Тараз-арена» спорт кешенінде өткен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер әлемі» атты облыстық инклюзиялық спорт фестиваліне Шу ауданынан 6 оқушы қатысып жүлделі орындарға ие болып, Алғыс хатымен марапатталды деп атқарылған жұмыс барысын кеңінен атап өтті.

Аудандық партия филиалының бағыт, жоспарларының ішіндегі ерекшесі «Айтылды – орындалды!» айдары. Көпшілік істің оңтайлы жүзеге асқан сәттеріне дән риза. «Айтылды – орындалды!» айдары бойынша ауқымды мәселе шешілді. Атап айтсақ, Көктөбе ауылының тұрғындары аудан орталығы Төле би ауылы мен Көктөбе ауылының аралығындағы автомобиль жолының 4 жыл бойы ашылмауына байланысты және осыған орай, көліктерінің техникалық жағдайлары нашарлап, әлеуметтік жағдайларына қатты әсерін тигізіп жатқандығын айтып, партия аудандық филиалына өтініш білдіріпті. Аталған мәселеге байланысты партия аудандық филиалының төрағасы бастаған депутаттық фракция мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесу өткізген. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына «Қазавтожол ҰК» АҚ облыстық филиалынан келіп түскен ресми жауап хат таныстырылды. Нәтижесінде партия аудандық филиалының төрағасы тарапынан «Қазавтожол ҰК» АҚ облыстық филиалына хат жолданып, бүгінгі күні Көктөбе ауылы тұрғындарының өтінішіне сәйкес, Көктөбе ауылына дейінгі салынған асфальт жол аралығы ашылып, қолданысқа берілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес депутаттық фракция мүшелері де өздері сайланған округ тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында фракция мүшелері атқарған жұмыстары туралы және сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша есеп берді. Сонымен қатар, депутаттар қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардан түскен өтініштері бойынша заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Биыл шілде айында Шу ауданына арнайы іссапармен Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова келді. Гүлдара Алданышқызы партияның Сайлауалды бағдарламасындағы 3 нысаны, атап айтқанда, Шу қаласында жаңадан салынып жатқан 80 пәтерлік 1 көпқабатты тұрғын үй құрылысымен, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп ғимаратына жапсарлас құрылыс жұмыстарымен және «Шу – Қайнар» аралығындағы асфальт жолдың күрделі жөндеу жұмысымен танысты.

Бүгінгі күні партия аудандық филиалының тарапынан «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында жұмыстар атқарылуда. Филиалдың жоспарына сәйкес аз қамтылған, көпбалалы отбасыларындағы мектеп жасындағы балаларға мектеп және спорттық формалары, спорттық аяқ киім мен рюкзактар алынып берілуде.

Amanat партиясы Шу аудандық филиалының жарқын бастамаларымен алдағы уақытта да нақты жұмыстар жүзеге аса беретініне сеніміміз мол.

 

Есет ДОСАЛЫ

Шу ауданы

Ұқсас жаңалықтар