Облыс әкімі Нұрдәулет Жұмағалидің ата-анасына құрмет көрсетті
- author «Ақ жол»
- 10 қыркүйек, 2024
- 1.2k
Ербол Қарашөкеев жүзу шеберін тәрбиелеп, қолдау көрсеткен ата-анасы мен жақындарына жамбылдықтардың атынан алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.– Нұрдәулет Азия рекордын жаңартып, ел қоржынына күміс жүлде сыйлады. Ол қазақстандықтардың мерейін асырып, жанкүйерлерінің сенімін ақтады. Әсіресе, Жамбыл жұртының абыройын асқақтатты. Оның жеңісі біз үшін алтынға бергісіз!Спортшымыз бойындағы күшті ерік-жігерін, табандылығын таныта отырып, нағыз ер азамат екендігін дәлелдеді. Ол Паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері атанып, айтулы жетістікке жетіп отыр.Бауырымыз бұйырса 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарында алтыннан алқа тағатынына сеніміміз зор! — деген облыс әкімі спорт шеберінің ата-анасына құрмет көрсетіп, марапаттады.Өз кезегінде спортшының ата-анасы Мемлекет, облыс басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




