Әке көрген, ана көрген ұл болдың,
Үш қыздан соң шуақ шашқан нұр болдың.
Ер жеткенде елге қызмет атқарып,
Өнегелі өміріңмен жыр болдың.
Жастайыңнан адалдықты таңдадың,
Айтқан сөзден, берген серттен танбадың.
Бейнетті де көргендейсің зіл батпан,
Сондадағы қатарыңнан қалмадың.
Жолдамамен солтүстікке барғансың,
Қиындыққа төтеп беріп қалғансың.
Сыр бермедің тұрсадағы сырт жақта,
Үлкендердің ақ батасын алғансың.
Маман болдың, басшы болдың майталман,
Кемшілікті, олқылықты айта алған.
Тәлім жинап, оңтүстікке оралып,
Мал маманы болып жүрдің қайтадан.
Із қалдырдың тәуелсіздік көшіне,
Жасырайын оны бүгін несіне.
Артық болмас мақтан тұтсам өзіңді,
Туды тіктің туған жердің төсіне.
Әкім болып төрт ауданды басқардың,
Қолды создың биігіне асқардың.
Қарттарға да қамқорлықты аямай,
Жанашыры бола білдің жастардың.
Айтқан сайын ақ тілектер тізілді,
Үлгі етем отбасың мен ізіңді.
Ағайындар тойлап жатса жарасар,
Жемісі мол жетпісінші күзіңді.
Ахметжан ҚОСАҚОВ,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ұлы дала абызының жырлары поэзия марафонында оқылды
- Бүгін, 18:01
Алғашқы қоғамдық алаңдардың біріне айналды
- 28 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




