Бірлескен жиында Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы аясында жалпы 103 көрсеткіш бар екеніне тоқталып, өңірлік жол картасының 1 тамызға дейін орындалуы қарастырылған 98 көрсеткішінің 29-ы орындалғанын, ал 69-ы орындалу үстінде екенін айтты. Дегенмен, оның 12 көрсеткішінің орындалмау қаупі бар көрінеді. «Биыл жыл соңына дейін 1905 пәтерлі 35 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау міндеті тұр. Жол картасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына фракция мүшелерін, партиялық бақылау комиссиясын және партактивті жұмылдыра отырып, үнемі бақылауда ұстау қажет.
Алдымызда халықтың әл-ауқатын арттыру міндеті тұр. Осы аса жауапты қызметтерде фракция мүшелері белсенділік танытып, жергілікті атқарушы билікпен бірлесе жұмыс жүргізіп, атқарған жұмыстарын жариялап отырулары тиіс», деген ол Жолдау жүктеген міндеттерге де тоқталып өтті.
– Еліміз соңғы бірер жылда жаңа кезеңге қадам басып, оның жемісі бүгінгі атқарылып жатқан бастамалардан айқын көрінуде. Осындай игі бастамалардың жалғасы ретінде ел Президенті «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы түпкі мазмұны Қазақстанның жаңғыру жолын жалғастыра түсуді айқындайтын бұл құжатта ел дамуы үшін маңызды 9 стратегиялық бағытты айқындап берді. Олардың қатарында ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алу, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру және қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру мәселелері бар, – деді Д.Бейсенқұлов.
Жиында облыс бойынша тұрғын үй құрылысының сапасы туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаев, тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша құрылыс басқармасының бөлім басшысы Дәулет Дайрабаев хабарлама жасады. Д.Дайрабаевтың баяндауынша, үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде іске асырылуда. Бүгінгі күнге облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 38503 азамат тіркелген. Биыл үй кезегіндегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 12,3 миллиард теңгеге 2909 пәтерлі 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, Тараз қаласының 14-ші жаңа шағын ауданында 800 пәтерлі 22 әлеуметтік-кредиттік тұрғын үйдің құрылысын биыл бастау үшін 5,2 миллиард теңге қаражат бөлінген. Биыл жыл қорытындысымен 2569 пәтерге арналған 51 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Өткен 8 айда бюджет қаражаты есебінен 389 пәтерлі 9 үй және жеке меншік инвестиция есебінен 855 пәтерлі 20 үйдің құрылысы аяқталды. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,7 миллиард теңгеге сатып алу құқығынсыз пайдалануға берілетін 354 пәтер сатып алынады Жалпы, биыл сатып алу тетігі арқылы 1575 осал топтағы азамат арендалық тұрғын үймен қамтылады. Былтырғы жылмен салыстырғанда пәтер екі есеге, ал қаражат көлемі үш есеге артқан. Бір сөзбен айтқанда, құрылысқа жұмсалатын даму бюджетінің 49,7 пайызы тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.
Бірлескен басқосуда партияның фракция мүшелері Жұмахан Тәнкебаев, Оралхан Дәуіт, Керімқұл Бегалиев, Фарида Жүнісова өңірдегі құрылыс жұмысына қатысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді