Облыс әкімі Мойынқұм ауданындағы құрылыс жұмыстарын тексерді
- author «Ақ жол»
- 9 қыркүйек, 2024
- 1.0k
Биыл апатты жағдайда тұрған Радай көпіріне жөндеу жұмыстары басталды. Облыс әкімі құрылыс қарқынын көзбен көріп, сапасын бақылауға алды. Көпірдің ұзындығы 111 метрді, ені 13 метрді құрайды. Жаңа көпірдің құрылысы көлік қозғалысын реттеп, малды жайылымға алаңсыз шығаруға мүмкіндік береді. Жұмыс сапары барысында Ербол Қарашөкеев Айдарлы ауылына атбасын бұрып, әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңына барды. Әуелі спорт кешенінің, одан соң кірпіші қаланып жатқан 90 орындық клубтың құрылыс жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысы жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы орындау, тезірек аяқтау бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан бөлек, облыс әкімі күрделі жөндеуден өткен №2 орта мектепті аралап көрді. Мектеп директоры Фарида Сыздықова атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндап берді. Білім ошағы 1969 жылы пайдалануға берілген, 2 қабатты ғимарат 500 балаға шақталған. Бүгінде 75 педагог 375 оқушыға білім беріп жүр. Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев 2 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысын аралап көрді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




