Өкінішке қарай, біз тек кез келген істің нәтижесін көруге ғана шебер боп алғанбыз. Шынмәнінде, оның сыртында мамандыққа жан-тәнімен берілу, жұмыстың қиындығына төтеп беру әрі мүлтіксіз қызмет ету сынды сырт көзге көрінбес қаншама еңбек жатыр.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесі бақылаушылық бөлімінің бақылаушысы Асыл Оразбаевтың еңбек сүйгіштігі әріптестеріне қашанда үлгі. Жалпы, Асыл бала күнінен-ақ адал еңбек етуге күш салады. 1992 жылдың 6 қыркүйек күні Жамбыл облысының Жамбыл ауданына қарасты Бектөбе ауылында дүниеге келген ол мектеп қабырғасында-ақ өз болашағын құқық қорғау саласымен байланыстырып үлгереді. Осылайша, Тараз қаласындағы «Парасат» колледжіне «Құқықтану» мамандығында білім алады. Ал, 2023 жылдың қараша айынан бастап ҚАЖ саласындағы еңбек жолын сәтті бастайды.
Шын мәнінде, бар ынта-ықыласыңмен кіріскен қай жұмыстың да нәтижелі болатыны бесенеден белгілі ғой. Бұл тұрғыда бүгінгі кейіпкеріміздің бағы жанды десе де болғандай. Бүгінгі таңда Асыл Қанатұлы қауіпсіздігі барыша төмен түзеу мекемесінің белді қызметкерінің біріне айналып үлгерді. Өз кезегінде ел-жұрттың ыстық ықыласына бөленген жігітті сүйген жары Айгерім Расылханқызы да үнемі қолдап отырады. Қазір жұбайлардың отбасында 2 қыз, 3 ұлды тәрбиеленіп отыр.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




