Биыл ауыл шаруашылығы саласында жаңа 9 жоба іске қосылды – Ербол Қарашөкеев
- author «Ақ жол»
- 6 қыркүйек, 2024
- 523
Ербол Қарашөкеев мәлімдегедей, облыста агроөнеркәсіп кешенінде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары ерекше бақылауда. Оның сөзінше, алдағы 3 жылда құны 272 млрд теңгені құрайтын 40 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Осылайша 1141 жаңа жұмыс орнын ашылмақ.
– Оның ішінде 2024 жылы 345 жұмыс орнын құрумен 25 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба. Ағымдағы жылы жоспарланған 20 жобаның құны 9,7 млрд. теңгені құрайтын 9 жобасы іске қосылды. Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 21,4 млрд теңге субсидия бөлінді. 7 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4%-ға өсті, ірі қара мал санын 7,9%-ға, қой - 21,9%-ға, жылқы - 5,8%-ға, ет өнімдерін өндіру - 2,2%-ға, сүт – 1,1%-ға өсуі қамтамасыз етілді,- деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар облыста СҚО тәжірибесін кеңейту нәтижелі жүзеге асып жатыр.
– Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін кеңейту аясында 1612 басқа арналған тауарлы-сүт фермаларының құрылысы бойынша 3 жоба, сыйымдылығы 35 мың тонналық 6 көкөніс сақтау қоймасы, тамшылатып суару және тері мен жүнді өңдеу бойынша 2 жоба қаржыландырылды. Бұл жобаларды 2025 жылы енгізу жоспарлануда,- деді Ербол Қарашөкеев.
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді