– Ұлы адамның есімін қанша ұлықтасақ та аздық етеді. Асанәлі ағамыздың қазақ өнеріне, бүкіл бір ұлттың әлемдік деңгейде танылуына қосқан үлесі мол. Ол кісінің жүрген ортасы, араласқан шаруасы бірден жайнап шыға келеді. Сондықтан, алдымен ол кісінің өзінен рұқсат алып, демалыс кешенінің жұмысы өрлей түссін, танымал тұлғаның есімі шарықтай берсін деген ниетпен қонақүйді Асанәлі есімімен атағанды жөн көрдік, – дейді кешен иесі.
Қонақүйдің екінші қабатында актердің өнер және өмір жолынан дерек беретін үлкен қабырға ұйымдастырылған. Ал, ғимарат алдында ұлы актердің мүсіні орналасыпты.
Атаулы іс-шараға танымал ақындар Ақұштап Бақтыгереева, Маралтай Райымбекұлы және басқа да өнер майталмандары мен бірнеше облыстардан қонақтар қатысып, атаулы істің әйгілі өнерпаздың ерен еңбегіне жасалған құрмет екенін атап өтті.
– Асанәлі есімін аға буынға жарнамалаудың қажеті жоқ. Өйткені, бүгінгі біз, бізден кейінгі орта буын «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі» фильмдеріндегі әрбір эпизодты жадымызға қаттап өстік. Ал, кейінгі ұрпаққа тұлғалар есімін таныстырып отыру қажет-ақ. Оған 2011 жылы Тараз қаласында ашылған Асанәлі Әшімов шығармашылық орталығына келетін жас буындар арқылы куәміз. Ал, Алматы сияқты үлкен шаһардың іргесіндегі халық жиі келетін осындай орында ұлы актердің есімінің халықтың көзайымына айналуы біз үшін үлкен қуаныш, – дейді Асанәлі Әшімов шығармашылық орталығын алғаш ұйымдастыруға мұрындық болған мәдениет қайраткері Талғат Сұлтангерейұлы.
Іс-шарада Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен Асанәлі Әшімовтың шәкірттері өнер көрсетті.
«Aq jol» – Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Шалғай ауылда Мәдениет үйі пайдалануға берілді
- 19 желтоқсан, 2024
Ұлттық өнер ұлағаты
- 13 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді