Бауыржан Момышұлының суреттерінен жасалған фото топтамалар, балалық шағы, әскери өмірі, шығармашылықпен айналысқан кезі, жанұясы туралы кеңінен қамтылған. Батырдан қалған барлық зат бағалы. Мәселен, ол кісінің әскери киімі, гвардиялық белгісі, белдігі, бейбіт кезде киген киімі, өзі пайдаланған заттары, қымыз, шұбат, сусын құятын ағаш тостағаны, домбырасы, жатқан төсегі, жұмыс бөлмесіндегі заттары сақтаулы. Өз қолымен ойған оюлар альбомы, алған Құрмет грамотасы бөлек тарих. Мәселен, Кеңес Одағының Батыры атағы берілгендігі туралы Жарлық қандай ыстық. Бәукеңе «Ғасыр саңлағы», «Ғасыр қаһарманы» атағы берілгендігі туралы құжаттары ерекше бағалы. Осы Баукеңнің заттары мен құжаттарын музейге кім тапсырғаны да маңызды. Аудан тарихын зерттеп жүрген Дәулетжан Байдалиев: «Бірқатар ыдыстарын келіні Зейнеп Ахметова әкеліп тапсырғанын білеміз. Оның өзі музей үшін маңызды. Батырдың барлық мұрасы жас ұрпаққа рух, тазалық, мөлдір сезім сыйлайды», – дейді.
Ал, аталған мемориалдық музейдің меңгерушісі Қаламқас Берікова: «Елдік пен ерліктің киесі, батырлық пен батылдықтың иесі, асылдық пен жасындықтың үлгісі – аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Сондықтан осы музейде батырдың рухына қызмет етіп жүргеніме шүкірлік деймін. Батырдың өзі ұзақ жылдар пайдаланған заттарын сұрайтындар да аз емес. Мұнда тәулігіне кемінде 20-25 адам келіп, кетіп жатады. Мұның барлығы батырға деген құрмет», – дейді.
Батыр Бауыржан Момышұлы – аңыз адам. Ол кісінің мемориалдық музейін сырт облыс, басқа қалалардан келіп тамашалаушылар аз емес. Олар Бәукең жайлы аңыздарға, естелік сөздерге де қызыға құлақ түреді.
Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді