Ұлтына қалтқысыз қызмет еткен ерен ерді жұрты да ұмыт қалдырған жоқ. 2022 жылы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай Тараз қаласының төрінде Д.А.Қонаев орталығы ашылды. Бүгінде мұнда Д.А.Қонаевтың шежіресінен, балалық шағынан бастап студенттік жылдары, отбасы мен басшылық еткен жылдардағы түрлі жәдігерлер сақталған. Солардың бірі – Дінмұхамед Ахметұлының көзілдірік қабы.
Таза былғарыдан жасалған көзілдірік қаптың алтын түстес темір, шыртылдақ қапсырмасы бар. Көзілдірік қабының ұзындығы – 15 сантиметр, ені – 8 сантиметр. Көзілдірік салуға арналған қаптың ішінде «..2021 жылы 7-ші қыркүйек күні сағат 11:20-да Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сембек Сейдәзімов бауырымыз, Димаш атамыздың көзі тірісінде қолданып жүрген көзілдірігінің былғарыдан тігілген қабын (футляр для очков) Д.А.Қонаевтың жаңадан ашылатын мұражайына арнайы келіп сыйға тартты. 07.09.2021 жыл» деп жазылған.
Жәдігер тарихы туралы қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Сембек Сейдәзімов айтып берді.
– Дінмұхамед Ахметұлы – ел тарихындағы елеулі тұлға. Студенттік шағымызда мемлекет қайраткерін сырттай көргенімізбен, жақын таныстығымыз болған жоқ. Ал, осы жәдігер облыстық мәслихат депутаты болып тұрған шағымда белгілі бір азаматтар тарапынан сыйға берілген болатын. Оны Д.Қонаевтың өзі қолданған. Содан он жылдан астам үйіміздің төрінде сақталды. Тек 2021 жылы қаламызда арнайы орталық ашылады деген соң осында өз қолыммен тапсырдым. Мұндай экспонаттар музей қорында сақталып, халықтың таным көкжиегін кеңейтуге себепкер болуы қажет, – дейді Сембек Әбітайұлы.
Ашылғанына үш жыл толған Д.А.Қонаев орталығында бұдан бөлек, ұлт қайраткерінің елімізге сіңірген еңбегін, халқымызға жасаған игі істерін насихаттау, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында біршама іс-шаралар өткізіліп келеді.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




