– Баршаңызды 30 т амыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата Заң – тәуелсіздігіміздің берік тірегі, мемлекетіміздің экономикалық даму жолындағы бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжатымыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқымыздың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі саналады», – деген болатын. Заң үстемдігі, демократиялық саясат, халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейтін бағдарламалар Ата Заңымыздың рөлін арттырады. Қазіргі жаһандану заманында Конституция егемендіктің, тұрақтылықтың нағыз символына айналды. Елдегі тұрақтылықтың нәтижесінде бүгінде дамыған елдермен иық тіресіп өмір сүріп келеміз. Мұның барлығы елімізде іске асырылып жатқан реформалардың жемісі деп білеміз. Бүгінде облысымыз жаңа даму кезеңіне шығып, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, әлеуметтік салада көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Жыл басынан бері өңірге 247,3 миллиард теңге инвестиция тартылып, жыл соңына дейін инвестиция көлемін 572,2 миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында, облыс бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 39 371 адам тартылды. Халықтың орташа табысы 10,6 пайызға, орташа жалақы мөлшері 10,6 пайызға өсті. «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 2024 жылға 10,5 миллиард теңге қарастырылған. Жыл басынан бері 355,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жыл соңына дейін 2 569 пәтерлі 51 үй ел игілігіне берілді, – деген Ербол Шырақпайұлы жуырда басталатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жерлестерімізге сәттілік тіледі.
Мұнан соң, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Атап айтқанда, «Тараз құрылыс Дизайн» серіктестігі директорының кеңесшісі Тимур Манашовқа «Құрмет» ордені, Тараз қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Данияр Ынтықбаев «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді. Бұдан бөлек, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан әр саланың мамандарына «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табыс етілді.
– 1987 жылдан бері Байзақ ауданында еңбек етіп келемін. Қазіргі таңда аудандық орталық ауруханада зертхана меңгерушісімін. Бұған дейін дәл осы жерде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, кеудеме мерекелік медаль таққан едім. Ал, бүгін облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болдым. Байқап отырсам, бүгін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталғандар арасында қарапайым жұмысшы азаматтар көп екен. Мұндайды өз басым құптаймын, бұл қоғамның еңбек адамына деген құрметі. Еліміз өркендей берсін, мереке құтты болсын, – дейді Нұрлан Абдреев.
Іс-шара соңы облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, белгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді