Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға халқымызға орны толмас қайғы әкелген, ядролық жарылыстар алаңына айналған Семей ядролық сынақ полигонының тарихы, апат салдары, сынақ полигонының жабылуы туралы мәліметтермен таныстырып өтті. Сонымен қатар, «Ядросыз Қазақстан – әлемге үлгі» атты бейнеролик көрсетіліп, талқыланды. Жиынға арнайы шақырылған қонақтар облыстағы Қазақстан ардагерлері «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің саяси бөлім бастығы Сейтхан Қуантаев пен осы ұйым ардагерлері Бержан Бураев, Жүрсінбай Бекмұрзаев ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, зардабын бүгінгі ұрпақ әлі тартып келе жатқаны, еліміз егемендігін алғаннан кейін полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалғаны туралы айтып өтті. Кітапхананың тұрақты оқырманы Құрманбек Әбдірайм тақырып аясында өз пікірін білдірді. Іс-шара барысында «Ядролық қарусыз әлем» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, Семей ядролық полигонының тарихы мен хронологиялық оқиғалары жайлы жазылған М.Сәрсекенің «Семей қасіреті» атты кітабына библиографиялық шолу жасалды. Іс-шара соңында «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің саяси бөлім бастығы Сейтхан Мұратұлы жоғарыда аталған ұйым ардагерлерін Тәуелсіз Қазақстан Республикасының бірінші қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған төс белгілерімен марапаттады.
Қарлығаш АГИГАЕВА,
М.Әуезов атындағы кітапхана меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлт жадынан өшпейтін үш бәйтерек
- 30 желтоқсан, 2024
Мойынқұмнан ән самалы ескен күн
- 24 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді