Жол-коммуналдық қызметтерімен бірлесіп, 481 тексеру жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары кем-кетікті түзетуге назар аударды. Жалпыға бірдей білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер орналасқан жерлерде және оларға іргелес аумақтарда көше-жол желісінің және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын пайдаланудың жай-күйі бақылауға алынды.
Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша бір жарым мың техникалық құралдар орнатылған. Жалпы білім беру мекемелерінің алдында 2102 метрден астам жасанды кедергілер және жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жол белгілері жаңартылды. Облыс аумағында 45 шақырымнан астам жаяу жүргіншілер жолы, сонымен қатар елді мекендердегі 88 шақырымнан астам көше-жол желісі жасанды жарықтандырумен жабдықталған.
Сонымен қатар, мектеп автобустарының техникалық жай-күйінің қауіпсіз пайдалану жағдайларына сәйкестігі де тексерілді. Жүргізушілердің тіркеу құжаттары тексеріліп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, балаларды тасымалдау ерекшеліктері және кішкентай жолаушыларға ұқыпты қарау туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша техникалық ақауы бар 5 мектеп автобусы анықталып, кәсіпорындардың лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




