Бүгін облыс орталығында орналасқан «Әлеуметтік базар» алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Осылайша халықтың әл-ауқатын арттыруға және нарықтағы әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған дәстүрлі акция биыл да жалғасын тапты. Сөреден табылған ет және сүт өнімдері мен жеміс-жидектер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен саудаланды.
Жәрмеңкеге облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек арнайы қатысып, әр аймақтан келген жергілікті тауар өндірушілерінің табиғи өнімдерін көзбен көріп, сала мамандарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Айта кетейік, дәстүрлі жәрмеңке Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, №18 д мекен-жайында әр апта сайын ұдайы ұйымдастырылады.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




