Жол-коммуналдық қызметтерімен бірлесіп, 481 тексеру жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары кем-кетікті түзетуге назар аударды. Жалпыға бірдей білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер орналасқан жерлерде және оларға іргелес аумақтарда көше-жол желісінің және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын пайдаланудың жай-күйі бақылауға алынды.
Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша бір жарым мың техникалық құралдар орнатылған. Жалпы білім беру мекемелерінің алдында 2102 метрден астам жасанды кедергілер және жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жол белгілері жаңартылды. Облыс аумағында 45 шақырымнан астам жаяу жүргіншілер жолы, сонымен қатар елді мекендердегі 88 шақырымнан астам көше - жол желісі жасанды жарықтандырумен жабдықталған.
Сонымен қатар, мектеп автобуст арының техникалық жай-күйінің қауіпсіз пайдалану жағдайларына сәйкестігіде тексерілді. Жүргізушілердің тіркеу құжаттары тексеріліп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, балаларды тасымалдау ерекшеліктері және кішкент ай жолаушыларға ұқыпты қарау туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша техникалық ақауы бар 5 мектеп автобусы анықталып, кәсіпорындардың лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ауыл мен қала мектептері арасында алшақтық болмау керек
- 21 қаңтар, 2025
Кәсіптік білімнің мазмұнын жаңартып, сапасын арттыру маңызды
- 21 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді