Жаңалықтар
«Жамбылда қоныс той көбейді»: Шуда бірқатар отбасы шаңырақты болды
- author «Ақ жол»
- 28 тамыз, 2024
- 1.6k
Конституция күні қарсаңында Шу қаласында бірқатар отбасы баспаналы болды. Салтанатты жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, қоныс той иелеріне пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Сонымен қатар аймақ басшысы Гүлзинат Аманжолова есімді көпбалалы ананың жаңа шаңырағына құтты болсын айтып, теледидар тарту етті.
Жаңа көпқабатты тұрғын үй 2 қабаттан тұрады. Мұнда 2-3 бөлмелі 8 пәтер қарастырылған.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен жылы қала тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша 60 баспана табысталған.
Сондай-ақ, дәл осы ауданға қарасты Төле би ауылында 14 пәтерлі жатақхана пайдалануға берілді. Облыс әкімінің Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жыл соңына дейін 100 тұрғын үйдің кілтін тапсыру жоспарланған екен.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




