Полицейлердің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен 1986 жылғы азаматша құрықталды. Бүгінгі таңда аталған қылмыс деректері бойынша сотқа дейінгі тиісті тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.
ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ
Тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін «Toyota Alphard» маркалы автокөліктерін тоқтатты. Олардың арасында қозғалыс жылдамдығын жоғарылатып, көру қабілетіне кедергі келтіретін алдыңғы әйнектегі сынықтары бар әрі қарсы бағытта келе жатқан көліктерге әсер ететін жарықдиодты шамдар орнатқан темір тұлпарлар кездесті. Сондай-ақ, қос «Альфард» автокөлігінің жүргізушілері қарсы жолаққа шықса, тағы екі жүргізушінің көлікті басқару куәлігі жоқ екендігі анықталды. Бұл күнде барлық жүргізушілерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің тиісті баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
– Біз күн сайын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Көбінесе жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын, жол-көлік оқиғаларына себепші ретінде «Toйота Альфард» маркалы автокөліктердің жүргізушілері тіркеледі. Мәселен, жақында «Альфард» жүргізушісінің қарсы жолаққа шығып, патрульдік полицияның көлігімен соқтығысқан оқиғасын айтуға болады. Нәтижесінде 6 адам қаза тапты. Оның ішінде, полицейлер де бар. Осы ретте жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ғана қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік беретінін еске салғым келеді. Өйткені, жол қателікті кешірмейді, – деді облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Құрмет Мәжікенов.
ҚАРАСОРА ПЛАНТАЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Полицейлер «Қарасора-2024» жедел алдын алу іс-шарасы барысында тікұшақтың көмегімен екі қарасора плантациясын анықтады. Бұл күні тәртіп сақшылары 942 қарасора бұтасын, өсімдіктерді суаруға және өңдеуге арналған құрылғыны тәркілейді. Қазіргі таңда құрамында есірткі заттары бар, тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіруге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары қолға алынған.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 280 қарасора бұтасын тауып, тәркіледі. Бүгінде осы өсімдіктерді өсірумен айналысқан қызылордалық азамат ұсталды. Күдіктіге қатысты сот шешімінің негізінде бұлтартпау шарасы тағайындалған. Ал, сараптама қорытындысында зерттеуге ұсынылған бұталар бірінші және екінші жағдайда қарасора тұқымдас өсімдік екені анықталып отыр. Екі факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.
ЖАЛҒАН ҚҰЖАТ ЖАСАП, ЖАБЫҚ МЕКЕМЕГЕ КІРМЕК БОЛҒАН
Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне бағынысты қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің қызметкерлері осындағы жазасын өтеушінің біріне ұзақ мерзімді кездесуге келген әйелдің неке қию туралы куәлігі жалған екенін анықтаған. Қазіргі таңда АХАТ қызметкерлері бұл күмәнді растады. Яғни, мұндағы тіркеу журналында неке қию туралы куәлік болмай шықты.
Бүгінде Қылмыстық Кодекстің 380-бабы 3-бөлігі (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ал, әйелге 160 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа қоғамдық жұмыстар немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынады.
– ҚАЖ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, ұзақ мерзімді кездесулер сотталғанның жақын туыстарына рұқсат етіледі. Онда туыстық байланыстар тиісті құжаттармен расталады, – дейді қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орынбасары Ирсали Ахмедов.
АВТОКӨЛІК ҰРЫСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында кілттің көмегімен тұрғын үйдің ауласында тұрған «Toyota» маркалы автокөлігінің терезесін сындырып, көліктің иесіне тиесілі жеке заттар мен бейнетіркегішті ұрлаған 44 жастағы ер адамды анықтайды. Осылайша, арамниетті азамат көлік иесіне 100 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірген.
Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары әлгі ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екенін мәлімдеді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді