Содан кейін бала өткір іріңді пансинуситпен, қайталама іріңді менингитпен ауырып, мидың ортаңғы құрылымдарының диффузды ісінуіне ұшырап, сондай-ақ инфекциялық ауруға да душар болған.
Нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Саят Жұмабаевтың айтуынша, тексеру барысында мидың бақылау суретінде оң жақтағы костопластикалық трепанациядан кейін бірқатар ақаулар белгілі болған.
Балалар нейрохирургтары мен реаниматологтарының құрамымен жасалған консилиумнан соң, мидың қайта жарақаттануын болдырмау үшін өңірде алғаш рет балаға 3D-принтерде жасалған пластикпен ақауды жабу отасы жасалды. Өз деңгейінде әрі тәжірибелі, кәсіби мамандардың бірігуімен жасалған хирургиялық араласу сәтті өтіп, пациенттің жағдайы жақсарды. Операция имплантты дәл орнатуға мүмкіндік беретін ең жаңа pentero 900 операциялық микроскобының көмегімен жасалды.
Реаниматологтар мен нейрохирургтардың барынша жоғары деңгейдегі күш-жігерінің арқасында бала неврологиялық зардаптарсыз емделіп, жағдайы жақсарған соң, үйге шығарылды.
Облыстық денсаулық
сақтау басқармасының
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




