Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы артып келеді

Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы артып келеді
Ашық дереккөз
Мемлекеттің басты капиталы халқы десек, адам үшін ең маңызды байлық – денсаулық. Сондықтан, билік бұл салаға қажетті қаржыны да аямай, заманауи технологиялармен қамтамасыз етуді белсенді жүзеге асырып келеді.

Айталық, биыл облыстың денсаулық сақтау басқармасына жергілікті бюджет е себінен 14,2 миллиард теңге бөлінген. Медициналық әлеуметтік міндетті сақтандыру шеңберінде бюджет көлемі 131,8 миллиард теңгеге қарастырылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаевтың айтуынша, биылғы 1 маусымдағы есеп бойынша облыс халқының саны 1223,5 мың адамды құраған. Оның ішінде 533,2 мың адам қалалықтар болса, 690,3 мың адам ауыл тұрғындары. Яғни, облыс халқының жартысынан көбі ауылдық аймақтарда тұрады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасымен биыл 3,9 миллиард теңгеге 26 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 20 медициналық-санитарлық нысанның 4-уі дәрігерлік амбулатория болса, 10-ы фельдшерлік-акушерлік пункт және 6-уы медициналық пункт. Сондай-ақ, өңірлерді дамыту бағдарламасымен 136,4 миллион теңгеге Жамбыл ауданы, Қоңыртөбе ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысы салынуда. Облыс бойынша медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыру деңгейі 91,94 пайызды құраған. Жоспарланған меже 92,4 пайыз болатын. Жыл қорытындысымен межеге қол жеткізіледі деп күтілуде.

– Шалғай елді мекендерде орналасқан халықты қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында 10 жылжымалы медициналық кешеннің 274 елді мекендегі 131753 адамды медициналық тексерумен қамтуы жо спарланған. Биылғы 6 ай ішінде 50,8 пайызы қамтылып, 64791 адам қаралды. Айта кету керек, оның ішінде 11082-сі бала. Жылжымалы медициналық кешеннің құрамында 2 «КамАЗ», 8 автобустық мамандандырылған көлік бар. Осы кешенмен жалпы 23625 диагностикалық зерттеу, 2930 зертханалық тексеру, 71592 бейінді мамандардың консультациясы жүргізілді. Тексеру барысында 2475 науқас анықталып, оның ішінде 617 науқас МСАК ұйымына есепке алынды. Оның 91-і бала. Сонымен қатар, жоспарға сәйкес скринингтік тексерулер жүргізілуде. Биылғы 6 ай қорытындысында жүрек-қан тамыр аурулары бойынша өткізілген тексеру нәтижесінде 5128 ауру анықталып, диспансерлік есепке алынды. Қант диабетіне тексерілгендердің ішінен 842 ауру анықталды. Глаукома бойынша 143 науқас диспансерлік есепке алынды. 2024 жылы сүт безі обырын ерте анықтауға 50845 әйел жоспарланған, 6 ай қорытындысымен 34331 әйел маммографиядан өтті. Жатыр мойны обырын ерте анықтауға 47541 әйел жоспарланып, 6 айда 33888 әйел цитологиялық зерттеуден өтті. Денсаулық саласының негізгі көрсеткіштеріне тоқталсақ, туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы, яғни жас мөлшері өткен жылдың қорытындысымен 75,25 жасты құрап, 6,1 жылға өсті. Облыста әйелдер саны 590948 болса, оның ішінде туу жасындағы (фертильді жас) 259376 әйел бар, – дейді Ерік Тіллабекұлы.

Әлеуметтік мәні бар аурулардың көрсеткішіне тоқталсақ, қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 4,5 пайызға, туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 5,2 пайызға төмендеген. Ал, қатерлі ісіктерден болатын аурушаңдық көрсеткіші 0,6 пайызға өскен. Облыстың амбулаториялық деңгейінде 402515 рецептісі бойынша 101617 науқас қажетті дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіліпті. Жергілікті бюджет есебінен 686,5 миллион теңгеге 83 науқас, оның ішінде 36 бала қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорынан Жамбыл облысының 5 орфандық диагнозы бар науқастарға 266,8 миллион теңге қажетті дәрілік заттар берілген. Бұл емдік шараны алғандардың 4-уі кәмелет жасына жетпеген бала. «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің 2023 жылғы 26 маусымдағы бекітілген шешімі бойынша, Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023- 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында 9 атауы бар дәрілік заттарға 4 жақты келісім шарт жасалған. Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу бойынша «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Үкіметтің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 шілдеден бастап барлық дәрілік заттарды міндетті таңбалайтынын және қадағалайтынын ескере отырып, басқарма басшысының №38-ө бұйрығымен медициналық ұйымдарға дәрілік заттарды қадағалауды автоматтандыруды енгізу тапсырылды. Облысымыз бойынша дәрілік заттарды таңбалауға 63 медициналық ұйым қатысады. Оның ішінде 32-сі басқармаға қарасты медициналық ұйым, 15-і жеке емханалық және 16-сы жеке стационарлық медициналық ұйым. Барлығы «Damumed» медициналық ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Бұлардың бәрі де 2D сканермен қамтылған. 63 медициналық ұйым ИСМЕТ жүйесі мен ЦЭДМ платформасына тіркеуден өтті. 

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар