Биыл 18 білім нысанының құрылысы аяқталады деп көзделген десек, оның 6-ы «Жайлы мектеп».
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа оқу жылының алдында құрылысы жүріп жатқан білім ошақтарының жұмысымен танысып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.
Облыс әкімі Байзақ ауданы мен Тараз қаласындағы бірқатар жаңа білім ошақтарының құрылыс алаңында болды.
Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектептің құрылысы аяқталған. Бүгінде пайдалануға беру бойынша шаралар атқарылуда.
Ал, Тараз қаласы «Ұлы дала» шағынауданында 3 білім беру ұясының, оның ішінде екеуінің құрылысы «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жүзеге асуда. Мектептің екеуі 1200, біреуі 2000 балаға шақталған. Биыл аталған аумақтағы бір мектепті қыркүйек айында, қалған екеуін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, «Бәйтерек» шағынауданында «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде салынып жатқан 1200 балаға арналған мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары 65 пайызға орындалып отыр.
Ербол Қарашөкеев нысандарды аралау барысында жауаптылармен арнайы кеңес өткізіп, құрылыс жұмыстарын сапасына жіті көңіл бөліп, білім нысандарын мерзімінде тапсырудың маңыздылығын ескертті.
– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясындағы және барлық білім нысандары құрылыстарының сапасы басты назарда болуы тиіс. Оларды инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз ету маңызды. Бұл тұрғыда жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті қолдаулар көрсетіледі, – деді облыс әкімі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді