Өндіріс орнында алты адам жұмыс істейді. Оның екеуі Құлан агротехникалық колледжінің студенттері. Бұл аймақ өзі дайындаған мамандарын жұмыспен қамтамасыз етіп, әрі нарыққа қажетті тауар өндіріп, халықтың әлеуметтік тұрғыда ілгерілеуіне ұтымды жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсетсе керек-ті.
– Алдағы уақытта шағын зауытымыздың өнімдерін тек өз елімізге ғана емес, шетелге де шығаруды жоспарлап отырмыз. Дәл қазір Қырғызстан және Өзбекстан елдерімен келіссөздер жүргізілуде. Кез келген тауардың өтімді болмағы оның сапасы мен бағасына тікелей байланысты. Біз бұл жағын да назарда ұстаймыз. Шетелдік компаниялар Қазақстанға екі-үш айлап жеткізетін тоңазытқыштарды енді екі-үш күнде апарып, орнатып бере алатын боламыз, – дейді кәсіпкер Қуандық Маханбетұлы.
Жаңашыл кәсіпкер аталған ауданның Көкдөнен ауылында туған. Өзі өсіп-өнген аймақтың өнеркәсібін өрлетіп, елді өркендетуді көздеген ол Т.Рысқұлов ауданынан сапалы әрі қолжетімді бағадағы тоңазытқыштар құрастырып шығармақшы. Бизнесті қолдауға жергілікті әкімшілік те дайын. Шағын зауытқа барып, алғашқы шығарылған өнімдерді көрген аудан әкімі Ернар Есіркепов өндіріс орнын ары қарай дамытудың жолдарын қарастырып, кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру бағытында бірқатар бастамаларды қолға алу жайын сөз етті.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




