Жалпы, биылғы жылдың өнімі үшін 157 608 гектарға бидай, 205 832 гектар алқапқа арпа дақылы орналастырылған болатын. Бүгінгі күні бидайдың 83 пайызы, яғни 165 197 гектары орылып, қамбаға құйылған. Ал, арпа алқабының 187 745 гектарының өнімі бастырылып, жоспар 93,7 пайызға орындалған.
Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Әбдірасіл Желеубаевтың айтуынша, егін орағына 547 комбайн жұмылдырылған. Жалпы, егін шаруашылығымен аймақта мыңнан аса агроқұрылым айналысуда. Мәселен, өңірде 699 шаруа қожалық бидай, 723 агроқұрылым арпа өсіруде.
Бидай-арпа алқабы бойынша көш басында Т.Рысқұлов, Қордай, Меркі мен Жамбыл аудандары тұр. Атап айтсақ, Т.Рысқұлов ауданы 58 287 гектар алқапқа бидай, 57 500 гектарға арпа дақылын орналастырған. Бидайдан 77 559, арпадан 58 882 тонна өнім жинаған. Мұндағы науқанға тартылған комбайн саны – 160. Ал, Меркі ауданында бидай 29 137, ал арпа 24 988, Қордайда бидай 20 100, арпа 36 500 гектар алқапқа орналастырылса, қазір мұндағы жиын-терін 93,6 және 96,9 пайызға аяқталған.
Ең аз дәнді дақылдар себілген аудандар Сарысу, Талас пен Мойынқұм. Алғашқы екі ауданның әрбірінде бидай 4 500 гектар болса, бірінде 6 500, екіншісінде 1 050 ғана. Ал, Мойынқұм ауданында себілгені арпа, оның өзі 114-ақ гектар.
Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Әбдірасіл Желеубаев арпа-бидай алқаптарындағы жұмысты бір апта көлемінде аяқтау межеленіп отырғанын жеткізді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- 26 желтоқсан, 2024
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді