Кезінде әжелеріміз осындай құрылғыны өздері ағаштан жасап алған. Ол кісілердің қолынан өте сәнді кілемдер шыққан. Бұл құрылғыны аталған музейге Көктал ауылының тұрғыны Сәнімай Қонаева сыйға тартқан екен.
Музей қызметкері Айдана Шотбасова: «Музей үшін мұның өзі үлкен сый. Әжеміздің өз қолымен тапсырып кеткені де – құрмет. Сәнімай әженің өзі де кілем тоқудың нағыз шебері болған. Кілемнің шетіне өзі жақсы көретін сыйлы кісілердің аты-жөнін жазып қоятын. Көбінесе, келін болып түскен жағынан қайын аға, қайын, абысын, қайын әпкелердің есімдері жазылатын болған. Бұрынғы әжелеріміз келін болып түскен жерін көбірек құрметтеуді ойлағанын осындай сәттерден де аңғарамыз», – дейді.
Сәнімай әженің бұл сыйлығы шынымен ерекше. Былай қарасаңыз, ағаштан жасалған қарапайым құрылғы. Бірақ, осы жәдігермен қаншама кілемдер тоқылғаны ғажап. Бұл қазақ әжелерінің ісмерлігін, тігін ісіне шеберлігін көрсететін құндылық. Музейді аралауға келген жас келіндерге үлкен тағылым берері сөзсіз.
Есет ДОСАЛЫ
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді