Дәстүрге берік аналар

Дәстүрге берік аналар
Ашық дереккөз
Кез келген ұлттың ерекшелігін көрсететін белгісі, ол – әрине оның ана тілі. Ана тілі арқылы тұлғаның тілі, өзіндік ойпікірі қалыптаспақ. Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тілін, ділін мейлінше ұқыптылықпен, бар ынтапейілімен сақтауды көздеген текті аналарымыздың ақ адал еңбегі орасан.

«Ақылды әйелдің ішінде алтын асықты ұл жатады» деп дана халық текке айтпаса керек. Әкенің қаны, ананың ақ сүтімен бойына дарыған ерекше қасиет, ерен күш аналардың тектілігімен келетіні сөзсіз. Осы орайда, ұлттық мәдениет, әдет-ғұрып, халық өнерін қоғамда кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасы елімізде кеңінен насихатталуда.

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық ұйымы Байзақ ауданында екі жылға жуық игі жұмыстарын көпшілікке көрсетіп келеді. Жуырда Сарыкемер ауылы «Астананың 10 жылдығы» атындағы дендросаябағында іс-шара ұйымдастырылды. Ісшараға облыстық Аналар қоғамдық ұйымының төрайымы Гүлфайруз Нурабаева бастаған бірнеше ауданның елге сыйлы, әдеп-ибасымен, тәлімтәрбиесімен көзге түскен ардақты аналары Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері Елдос Сметовтің ата-анасын қарсы алып, ақ баталарын жаудырып, ел намысын қорғаған азаматпен күллі қазақ мақтанатындығын жеткізіп, сый-құрметтерін көрсетті.

Байзақ, Талас, Меркі, Қордай, Т.Рысқұлов аудандарынан келген ақ жаулықты аналардың қатысуымен жеңімпаздың ата-анасымен кездесу жоғары деңгейде өтті.

Мерекелік шараны қорытындылаған Байзақ ауданы әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбеков Елдостай батыр азаматты дүниеге әкеліп, көк байрағымызды Париж төрінде самғата білген азаматтың артында жігерлі ана тұрғандығын және алып анадан туатындығының тағы бір дәлелі осы екендігін жеткізді. Amanat партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева аналардың белсенділіктеріне алғыс білдірді. Ісшара «Шолпан» ән-би ансамблінің мерекелік ән шашуымен жалғасты.

 

Гүлжан ТҮЛЕГЕНОВА.

Байзақ ауданы

Ұқсас жаңалықтар