«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Халықты аштықтан арашалаған ғасыр куәсі

Халықты аштықтан арашалаған ғасыр куәсі
Ашық дереккөз
Қазақ үшін қасиетті құндылықтар көп. Солардың бірі – келі мен келсап. Кешегі қиын-қыстау заманда осы екеуі халыққа қызмет етіп, жүгері мен бидайды ұнтақтап, аштыққа ұрынбауына себепкер болған.

Келі мен келсап қ а т т ы а ғ а ш т а н жасалады. Өйткені, сынып кетпеуі керек. Келінің б и і к т і г і 5 0 - 6 0 сантиметр болса, ішкі бөлігі 30-35 сантиметр тереңдікте ойып жасалған. Келінің түйгіш ағашы болады, оны келсап деп атайды. Ке л с ап т ы ң ке л і д е г і дәнді түйгіштейтін басы салмақты етіп жасалып, қолға ұстайтын жерінен қ о л а й л ы қ о с т ұ т қ а шығарылады. Келсаптың ұзындығы жарты метр жуан ағаштан жасалған. Ағаш келіні шеберлер мықты, әрі жарылмай к ө п ж ы л ғ а ш ы д ау үшін, әдетте, оның иіні мен тағанын түйенің иленбеген шикі терісімен қаптаған. Шикі терімен қаптаған себебі, шикі тері кепкен кезде тартылады да, келіні қатты қысып т ұ ру ү ш і н о ң т а й л ы болған

Б ұ л қ ұ н д ы з а т сарысулықтар үшін де қастерлі. Мәселен, 95 жыл сақталған келі мен келсапты 2017 жылы Тоғызкент ауылының т ұ р ғ ы н ы П е р н а й ы м Азынабайқызы анамның көзі деп аудандық тарихиөлкетану музейіне әкеліп тапсырған. « М ұ н д а к е л у ш і л е р келі мен келсаптың құндылығына көп көңіл ауд а р а д ы . Ә с і р е с е , о сы 95 жыл тарихы бар келі мен келсап туралы жиі сұрайды. Қазір жас жеткіншек ұрпақтың тарихымызды, өткенімізді ұмытпауы ү ш і н м ұ н д а й жәдігерлердің маңызы з о р » д е й д і ат а л ғ а н музейдің директоры Эльмира Көкішева.

Тоғызкент ауылынан келген сый келі мен келсап – музейдің құнды жәдігері. Қазір ауылда диірмен тартып, келі түйетіндер азайған. Д е г е н м е н , м ұ н д а й з ат т а р д ы ң м у з е й д е сақталуының өзі өскелең ұрпақтың көңіліне: «Атабабамыз, әжелеріміз ұ с т а ғ а н б а ғ а л ы бұйым» деген ұғымды сыйлайтыны анық.

 

Есет ДОСАЛЫ

Сарысу ауданы

Ұқсас жаңалықтар