« Т а з а Қ а з а қ с т а н » р е с п у б л и к а л ы қ а к ц и я с ы аясында облыстық экология департаментінің өкілдері қала ішіндегі рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мақсатында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз турын ұйымдастырды. Журналистерге қатты тұрмыстық, құрылыс және өндірістік қалдықтары бар рұқсат етілмеген полигондар көрсетілді.
Экология департаментінің мәліметінше, қоқыс үйінділерінің 47-сі полигон ішінде орналасқан, я ғ н и п о л и г о н ш е к а р а с ы кеңейтілген. Өңірде рұқсат етілмеген 14 қоқыс алаңы қалып отыр. Оның бесеуі Қордай ауданында, екеуі Жамбыл ауданында, жетеуі Тараз қаласында орналасқан. Жұмыстың дер кезінде ұйымдастырылмауына байланысты Жамбыл ауданына қарасты бес ауылдық округтің әкімдері, Талас ауданы әкімінің о р ы н б а с а р л а р ы , Қ о р д а й ауданына қарасты екі ауылдық округтің әкімдері, Байзақ, Жамбыл аудандары әкімдерінің о р ы н б а с а рл а р ы ә к і м ш і л і к жауапкершілікке тартылады. Оларға жалпы көлемі 276,9 мың теңге айыппұл салынған.
О б л ы с т ы қ э к о л о г и я департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Ермек Құралбаевтың айтуынша, Жамбыл облысында коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына талдау ж ү р г і з і л ге н . Н ә т и же с і н д е «Жасыл ел-Тараз» ЖШСнің қоршаған ортаға қалдық тастауға эмиссиясы бар екені, нақты айтқанда өндірістік және тұтыну қалдықтарын тастауға 18865,634 тонна көлемінде лимит орнатылғаны белгілі болды. Бұл ретте кәсіпорын ұсынған қалдықтарды түгендеу есептерінде жеке және заңды тұлғалардың аралас тұрмыстық қалдықтарының көлемі 42580 тоннаны құрап, қалдықтарды тастау лимитінен 2,3 есеге немесе 230 пайызға артып кеткен. Қалдықтардың 60 пайызын елді мекендердің тұрғындары, 30 пайызын кәсіпкерлік субъектілері, 10 пайызын мемлекеттік органдар тастағаны анықталып отыр.
– Табиғи полигондар – өңіріміздегі өзекті экологиялық мәселелердің бірі. Бұл мәселе жыл сайын күрделеніп келеді. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың тапсырмасы бойынша біздің департаменттің алдында стихиялық қоқыстарды толығымен жою міндеті тұр. Рұқсат етілмеген полигондардың бар-жоғы туралы ақпаратты ғарыштық спутниктің көмегімен анықтайтын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ компаниясы жыл сайын ақпарат береді. Жыл сайын Дүниежүзілік тазалық күні аясында біз «Бірге Таза Қазақстан» акциясын өткіземіз, оған өткен жылы 26 740 адам қатысып, 500 мың тоннаға жуық қоқыс жиналды, – деді Е.Құралбаев.
Ол сондай-ақ, экологиялық заңнама талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келмейтін полигондардың жай-күйі басты мәселе болып қала беретінін айтты. Айтпақшы, 2025 жылға қарай «Eco Energy Plant» ЖШС Тараз индустриалды аймағында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеп, электр қуатын өндіру б о й ы н ш а и н в е с т и ц и я л ы қ ж о б а н ы ж ү з е г е а с ы р уд ы жоспарлап отыр. Жобаға АҚШ компаниясы 18,8 миллиард доллар көлемінде инвестиция құймақ. Жоба бойынша жыл сайын 75 мың тонна қалдық өңдеу қарастырылған. Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыру үшін келісімшарт жасалып, 10 гектар жер телімі бөлініп, Тараз қаласы әкімдігі мен серіктестік арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды жеткізу бойынша меморандум жасалды.
Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі де өткір. Бүгінгі таңда өндірістік қалдықтардың жинақталған көлемі 196,8 миллион тоннаны құрайды. Оның 11,3 миллион тоннасы техногендік минералдық түзілімдер. Бұл ретте өткен жылы өндіріс қалдықтарының көлемі 1945,90 мың тоннаға артқан. Мұның басты себебі, «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында фосфогипс өндірісінің артуы дейді мамандар.
Одан әрі баспасөз туры экология департаментінің өкілдері мен полиция департаментімен бірлесе ұйымдастырған «Таза ауа» рейдіне ұласты. Рейд аясында ж ы л ж ы м а л ы э кол о г и я л ы қ зертхана арқылы автокөліктерден ш ы ғ ат ы н г а зд ы ң қ ұ р а м ы , улылық деңгейі тексерілді. Мамандар автобустарды, жеңіл және жүк көліктерін тоқтатты. Бензинді қозға лтқышт ары б а р а вт о м о б и л ь д е р ү ш і н « А В Т О Т Е С Т - 0 2 . 0 3 » к ө п компонентті газ анализаторы қ о л д а н ы л с а , д и з е л ь д і қ о з ғ а л т қ ы ш т а р ы б а р автомобильдер үшін «META-01 MP 0.1 (LTK,K)» құрылғысы пайдаланылды.
Зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Жансая Оразбекова заңбұзушылықтың басым бөлігі үлкен жүк көліктері мен адам тасымалдайтын шағын автобустарда тіркелетінін, жеңіл көліктерде онша көп емес екенін айтады.
Мәселен, ең бірінші болып Audi маркалы жеңіл автокөлік сынақтан өтті. Көмірқышқыл газының шығарындылары тек 0,14 пайызды құрайды. Бірақ, рұқсат етілген шек 0,5 пайызды құрайды. Жүргізуші көлігінің мотор майы мен сүзгілерін уақытында ауыстыратынын айтты. Алайда, МАИ қызметкері жүргізушіге алғашқыда ескерту жасалатынын жеткізді.
Осылайша, 14 көлікте (төрт автобус және 10 ауыр салмақты көлік) белгіленген мөлшерден асатын уыттылық анықталды. Барлығы 32 көлік (тоғыз автобус және 23 ауыр көлік) тексерілді. Полиция қызметкерлері тәртіп б ұ зу ш ы л ы қ қ а жол бе р ге н жүргізушілерге жеті ескерту жасады. Белгіленген тәртіп бойынша көлік құралдарына жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Айтпақшы, облыста мұндай рейд жылына екі рет өткізіледі. Биылғы жылы «Таза ауа» рейді Жуалы және Байзақ аудандарында өткізілді. Жуалы ауданында 17 автобустың тоғызы белгіленген нормадан асып кеткен. Байзақ ауданында 22 көліктің үшеуі заң бұзған. Жалпы, облыстық статистика департаментінің ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы мәліметтері б о й ы н ш а с т а ц и о н а р л ы қ көздерден ластаушы заттардың нақты жалпы шығарындылары 52,9 мың тоннаны құраса, оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 28,5 мың тонна уытты заттар шығарылған. Жамбыл облысында шектік нормадан асып кеткен 271,4 көлік құралы тіркелген, оның 242,2-сі жеңіл, 23,7-сі жүк көлігі, 5,4-і автобустар.
Ө т к е н ж ы л ы Ж а м б ы л о б л ы с ы н ы ң б юд ж е т і н е н экологтар үшін DJI Matrice 350 RTK ұшқышсыз ұшатын а п п а р ат с ат ы п а л у ғ а 4 2 миллион теңге жұмсалды. Дрон газ анализаторларымен, сенсорлармен жабдықталған. Э к о л о г и я д е п а р т а м е н т і дронның адам аяғының жетуі қиын жерлердегі экологиялық жағдайды зерттеу үшін қажет болғанын айтады. Дегенмен, оның көмегімен ластануды бақылау жұмыстары әлі жүргізілген жоқ, өйткені мамандар ұшқышсыз ұшақты басқару бойынша теориялық және практикалық дайындықты әлі аяқтамаған. Бұл мақсаттарға қосымша 3,3 миллион теңге қажет. Облыстық экология департаменті Экология ж ә н е т а б и ғ и р е с у р с т а р министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне қаржы бөлу туралы хат жолдаған.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Тіл оқыту орталығы: Жалақы аз, штат бос, маман жоқ
- 26 желтоқсан, 2024
Той мәдениетін көтеру көптің ісі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді