Бізді қызықтырған күш атасы Қажымұқан қолымен иген өгіз арбаның белтемірі Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы. Бұл белтемірді әйгілі палуан қай кезде иді, біздің өңірге қалай жетті деген сауалдар да көпшілікті қызықтыратыны анық. Аталған темірді иген кездегі өнерін Қажымұқан Мұңайтпасұлы жасы ұлғайған шақта Шымкент қаласында жиналған көпшіліктің алдында көрсеткен секілді. Егер бұл Ұлы Отан соғысының алдындағы оқиға болса, палуанның жасы 69-да, соғыстан кейін көрсетілсе 75 жас шамасында болады. Бұл тарихи белтемірді 2010 жылы Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылғанда көршілес Жамбыл ауданының есімі белгісіз тұрғыны тарту етіпті. Ол тұрғынның аты-жөні бізге беймәлім. Бізге белгілісі әйгілі Қажымұқан иген темір аталған аудандық музейдің этнография залында «Батырлар бұрышында» сақталып тұр. Аңызға айналған палуан иген темірді қызығып тамашалаушылар аз емес екен.
Музей қызметкері Айдана Шотбасова: «Біз үшін мұндағы әр жәдігер қымбат. Барлығының өз тарихы бар. Ал, Қажымұқан атамыз иген темірдің қасына бөгеліп, жәдігер туралы қызығып сұрайтын кісі көп. Жәдігердің шамамен 30 килограмм салмағы бар. Біз бұл темірді палуан атамыз жасы ұлғайған шақта иген шығар деп шамалаймыз. Әйтпесе, жігіт кезінде Қажымұқан одан да ауыр темірлерді игені анық. Бұл жәдігер – музейдің үлкен құндылығы», – деді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Референдум-2024: Сайлау учаскелері жұмысын тоқтатты
- Бүгін, 20:01
Бақылаушылар да белсенді
- Бүгін, 18:15
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- Бүгін, 14:24
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді