Жақында ғана Мойынқұм ауылының кіре берісінде орналасқан Шу өзенінің айналасы ауыл тұрғындарының, спортшылар мен жастардың жұдырықтай жұмылуымен тазартылды. Тазалықты жанына серік еткен мойынқұмдық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары да бұл жолы білек сыбанып, белсене атсалысты. Қоқыс қалдықтарын салуға арналған жүк көліктерімен шөп-шалам, күл-қоқыс шығарылды. Өзен жағалауындағы барлық пластик, шиша бөтелкелер бөлек жиналды.
«Тазалық – табалдырықтан басталады» деп білетін жуалылықтар ауыл ішін тазалап қана қоймай, жалғызбасты қариялардың аула ларын жиыстыруға да көмектесіп жүр. Өткен сенбіде ауданға қарасты үш ауылдық округте қоршаған ортаға қамқорлық жас ап, өскелең ұрпаққа өнегелі істі насихаттауға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды. Қарасаз, Жетітөбе ауылдық округінде әкімдерінің бастамасымен ауыл тұрғындары жалғызбасты қарттардың үйлерін сырлап, әктеп, аулаларын арам шөптен арылтты. Қарасаз ауылдық округінде қазіргі таңда 12 жалғызбасты қарт тұрады. Ауыл әкімінің айтуынша, бұл кісілерге ауыл тұрғындары тұрақты түрде көмектесіп отырады. Жалғыз басты қарттар ауыл әкімі мен ауыл тұрғындарына өздерінің алғыстарын айтты. Ал, Күреңбел ауылдық округінде әкімшілік аппаратының қызметкерлері мен ауыл тұрғындары Батырбек датқа кесенесіне тазалық жұмыстарын жүргізді. Біреуі сырласа, енді бірі шөп-шаламды жинастырды. Жалпы, үш ауылдық округтен бұл күнгі акцияға 50-ден аса адам қатысты.
Меркі ауданындағы Жаңатоған ауылдық округінде өткен санитарлық-тазалық жұмыст арына әкімшілік аппаратының қызметкерлері мен ауыл жастары, қоғамдық қызметкерлер қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы Меркі ауданында да қызу қолдау тауып, күн сайын тиісті шаралар атқарылуда. Бұл ретте біз акция аясында күнделікті округ аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып келеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» акциясы жыл бойы жалғасын таба береді. Соған сәйкес, біз тұрақты түрде осындай сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, туған өлкемізді таза ұстауды үнемі бақылауда ұстаймыз және осындай игі бастамаларды жалғастыруға жастарды үндейтін боламыз, – дейді Жаңатоған ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Темірхан Алжанбаев.
Сонымен қатар, Сұрат ауылдық округінде өткен сенбілікте ауыл көшелерінің бойындағы және ауыл саябағы аумағындағы шөптер шабылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Талдардың түбі қопсытылып, ақталып, суғарылды.
– Сұрат ауылында орналасқан аудандық дендропарк аумағына сенбілік жасалды. Бұл іс-шараға аудан жастары, ауыл тұрғындары белсенділікпен атсалысты. Әрине, бұл қуантарлық жағдай. Осындай туған өлкемізді таза ұстауға барлығының қолдау көрсетіп жатқаны – бұл аудан тұрғындарының елге, жерге деген сүйіспеншілігі деп білемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы дер кезінде көтерді деп ойлаймын. Өйткені, бұл акция дереу жалпықазақстандық сипатта көрініс тауып, міне көктемнен бері барлық ауылда тұрақты түрде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, туған өлкеміздің ажары арта түсті, – дейді Сұрат ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенбек Аданбаев.
Расында, бұл акция көптен бері көлеңкеде қалып келе жатқан табиғатқа деген жанашырлықты оятты. Қоршаған орт асын күту арқылы адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, өмірін сақтандыратыны ескерілді деуге болады.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда «Адалдық сағаты» аясында кездесулер өтті
- 15 қазан, 2024
Жаңатас қаласындағы төтенше жағдай салдары толығымен жойылды
- 15 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді