Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет атап өтті. Жастар, сендердің жалпы күрделі мәселелерді шешуге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты жеңуге де қажет білімдерің жетерлік. Сендердің жемқорлыққа қарсы күресуге негізделген қызығушылықтарың да бар.
Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.
Сыбайлас жемқорлық – қоғам мен мемлекетті іштей ыдырататын әлеуметтік құбылыс. Жемқорлықпен күрес елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық.
Осы бағытта Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментте арнайы шағын кітапхана ұйымдастырылды. «Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес », «Жемқорлықпен күресу» безендірілген кітап көрмесі және «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!»
«Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!» атты іс- шаралар тұрақты тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Департамент қызметкерлері жастардың рухани ордасына айналған кітапханаға жиі келіп, өз тәжірибелерін құнды материалдармен, арнайы сөздіктер мен терминдермен танысып, құқықтық білімдерін толықтырып отырады. Алдағы уақытта да парасат ордасында жемқорлық дертін алдын алуға байланысты түрлі көрмелер мен іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Сыбайлас жемқорлық - ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс екені, ал онымен күрес тек заң қызметкерлерінің ғана жауапкершілігі емес, қалың бұқараның да азаматтық міндеті екендігін түсіндіру кітапханада өтетін шаралар барысында үнемі айтылып келеді.
Сәуле РАМАЗАНОВА,
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Астана қаласы бойынша департаменті
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді