Гвардейск гарнизонындағы 21450 әскери бөлімінің 1-ші танк батальоны командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұрат Манабаевтың шаңырағы үлгілі отбасының бірі. Кейіпкеріміз әке сі Әуе схан мен анасы Несіпкүлдің тұңғышы. Мойынқұм ауданы Мирный ауылында дүниеге келген ол саналы ғұмырын Қордай ауданы, Гвардейск қалашығында өткізді. Қалашықтағы Б.Момышұлы атындағы №43 орта мектепті аяқтап, Гвардейск гарнизонындағы әскери прокуратурада аға инспектор ретінде еңбек жолын бастайды. Әрине, әскери гарнизонда өскен бала кішкентайынан әскери қызметкер болуды армандайтыны айтпаса да түсінікті. Сол секілді Мұрат та ес білгелі офицер болуды мақсат тұтты. Арманына жету жолында жоғары білім алып, көп еңбектенеді. Бұған дейін сан түрлі қызметтің тізгінін ұстаған ол өзінің әскери мансабында сержанттық қызметтен офицерге дейін өсті. Бүгінде оның офицерлік шені – капитан.
– Үлгілі отбасы болу үшін барымды саламын. Ел-жұртқа ақыл айту үшін ең алдымен өзіңді түзетуің қажет. Қызметте адал болып, өз еңбегіңнің жемісін көруге ұмтылу керек. Өз басым отбасымда сыйластық пен құрмет салтанат құрғанын қалаймын. Келіншегім екеуміз жас отауымыздың болашағына жауапты екенімізді е стен шығарған емеспіз, – дейді М.Манабаев.
Жалпы, осынау әскери қызметкерлерден құралған жас отбасы әскери бөлімдегі үлгілі жанұялардың бірі. Ал, олардың отбасындағы ауызбіршілікке бір-біріне деген риясыз құрметі оң әсер еткеніне күмән жоқ. Бастысы, темірдей талап пен тәртіпке мойынсұнған Мұрат ұл-қызының келешегіне бей-жай қарамайды. Демек, болашақта бұл отбасыдан көпке үлгі етер азаматтар шығары сөзсіз.
Есен ӨТЕУЛІ
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




