Бұл күнде Меркі ауылында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты мотоатқыштар батальонындағы «Даңқ аллеясы» және оған іргелес шағын саябақ аймағы сарбаздар үшін таптырмас орынға айналып үлгерді. Себебі, көркі көз тартар демалыс аймағында ғаламтор желісіне қосылу өте ыңғайлы. Мәселен, қатардағы жауынгер Әмір Әбділдин осы жерде анасымен телефон арқылы тілдескенді жаны сүйеді. Айта кетейік, қостанайлық азаматтың анасы Дана Әлжанова да қатал тәртіпті талап ететін Ішкі істер органдарында қызмет етеді. Оның офицерлік шені – полиция майоры. Жас сарбаздың анасы жұмысының көптігіне қарамастан, бір сәт ұлымен сөйлесуді құп көреді. Өйткені, ол әскердегі перзентінің әрбір минуты санаулы екенін жақсы біледі.
– Аяулы анаммен бейнеқоңырау арқылы тілдескеніме өте қуаныштымын. Әңгімелесу барысында көптеген мәселелерді талқыладық. Маған осындай мүмкіндік берілгеніне дән ризамын және осы батальонда қызмет еткеніме қуаныштымын, – дейді Әмір.
Ал, Түркістан облысының тумасы Нұрдәулет Әбдікәрім онлайн тілдесу барысында анасын әскердегі достарымен таныстырғанын жеткізді. Ол өз сөзінде мерзімді әскери қызметке шақырылған жігіттермен бүгінде берік байланыс орнатылғанын айтып өтті. Сондай-ақ, тағы бір қостанайлық Артем Фрелих туған-туыстарымен сөйлесу барысында күш-жігер сыйлайтынын жасырмады.
– Бейнебайланыс арқылы анам және әжеммен сөйлескеннен кейін мен одан әрі қызмет етуге шабыт алғандай болдым. Жалпы, анамның жүзіндегі күлімсіреуді көргенде көңіл-күйім ерекше көтеріледі. Мен ата-анамды әрқашан жақсы көңіл-күйде көргім келеді. Олар мен үшін талай қиындықтан өтті. Осы себепті, біз ата-анамызды әрқашан қадірлеп, тек қуантуымыз керек, – дейді Артем.
Шын мәнінде, кез келген ата-ана үшін ұлының амандығы бәрінен маңызды екені түсінікті. Сондықтан, батальон командирі майор Мейрам Асылбеков егер ата-аналардың баласының ұзақ үнсіздігіне алаңдаушылық білдірсе, сарбаздардың туған-туысымен байланыс орнатуын жеке қадағалауды әдетке айналдырған.
– Ата-аналар балаларымен бейнебайланыс орнатқанда олардың қасында жүргендей күй кешеді. Оның үстіне, бұл – сарбаздардың жауынгерлік даярлығына да оң әсерін тигізері анық. Ал, ата-анасын көрген әрбір сарбаздың бойында жаңа жетістіктерге жетуге деген ұмтылыс пен құлшыныс пайда болады, – дейді 11971 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары майор Нұртас Дәулетқали.
Осыдан-ақ, бүгінде қазақстандық жауынгерлердің қарыны тоқ, көйлегі көк екенін анық аңғаруға болар. Қазақ әскерінің бүгіні мен болашағын айқындап берген әскери доктринаның талаптары да осы. Бастысы, мерзімді әскери қызметке шақырылғандар өркениет игіліктерінің пайдасын көріп жатыр. Демек, «Отбасымен бейнебайланыс» жобасы негізгі миссиясына қол жеткізді деген сөз.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді