
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі берген мәліметтерге сүйенсек, биыл бидай 20,1 мың, арпа 36,525 мың гектар алқапқа орналастырылған. Бұдан бөлек, 3,5 мың көкөніс, 0,3 мың бақша, 2 мың картоп, 6,5 мың дәндік жүгері мен 1,025 қант қызылшасы алқабы бапталуда.
Бүгінгі күнге масақты дәнді дақылдардан ораққа түскені бидай мен арпа. Қазіргі таңда бидайдың 3257 гектары орылып, қырманға 5048 тонна өнім түскен. Оның орташа түсімі 15,5 центнерді құрап отыр. Ал арпаның 7489 гектары орылып, түсімі – 10634 тоннаны құраған. Әрбір гектардан түскен орташа өнім – 14,2 центнер. Масақты дәнді дақылдарды жинау барысында 88 комбайн жұмылдырылған.
Осы орайда мал азығын дайындау науқаны бойынша қысқаша тоқтала кетсек. Аудан бойынша мал азығын дайындау үшін жалпы 33 278 гектар алқаптан мал азығын жинау көзделген. Оның 23840 гектарын көпжылдық шөп (3 орым), 9038 гектарын табиғи шабындық, 400 гектарын сүрлемдік жүгері құрайды. Бүгінгі күні 260775 тонна пішен, 240000 тонна пішендеме дайындаған.
Жандос ОМАРОВ,
журналист
Ұқсас жаңалықтар
Тұтынушылар өз құқығын қаншалықты қорғай алады?
- 18 ақпан, 2025
Экономиканы әртараптандыру – ел дамуының қозғаушы күші
- 12 ақпан, 2025
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді