«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тұқым шығынын субсидиялау талапқа сай

Тұқым шығынын субсидиялау талапқа сай
Ашық дереккөз
Газетіміздің №83 санында жарық көрген «Субсидия алып, арамшөп еккен тұқым шаруашылығындағы бейберекет тірлік қашан тыйылады?» тақырыбындағы мақалада айтылған мәселеге облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасынан жауап келді. Аталған мақаланың соңында ауыл шаруашылығы басқармасының мамандарынан жауап күтетінімізді айтқан болатынбыз. Сондықтан, басқарма тарапынан жолданған жауапты басылым оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» (бұдан әрі – Қағида) №4-2/266 бұйрығына сәйкес, бірегей тұқым өндірушілерді, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарын, тұқым өсіру шаруашылықтарын, тұқым өткізушілерді аттестаттауды басқарма қызмет түріне сәйкес аттестаттау туралы куәлік бере отырып жүргізеді. Осы орайда, облысымыздағы тұқым шаруашылығын дамыту бағытында ұдайы үдерістік бағытты ұстана отырып, бүгінде 7 аттестатталған ауыл шаруашылығы субъектілері жоғары репродукциялы және бірінші, екінші, үшінші көбейтілген тұқымдарды өндірумен айналысады. Оның ішінде, жеміс ағашт арының элит алық көшеттерін өндіруге 3 шаруашылық және 4 шаруашылық күздік бидай, жаздық арпа, мақсары, көпжылдық шөп, картоп дақылдары бойынша элиталық және ішінара бірінші, екінші, үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіруге аттестатталған. Өңіріміздегі шаруашылықтар Алматы және Түркістан облыстарында орналасқан ғылыми зерттеу институттарымен және тұқым шаруашылықтарымен жүргізіп отырған жұмыстарының нәтижесінде, егістікке қолданылатын тұқымдардың 3 пайызға жуық көлемі элиталық, 17 пайызы І репродукциялық тұқымдармен қамтамасыз етіліп отыр. Алайда, көптеген ауыл шаруашылығы тауарөндірушілер жүгері, қант қызылшасының бірінші ұрпақты будандарын (гибриды первого поколения) шетелдік тұқымдарды өндірушілерден сатып алып, егіс алқаптарына пайдалануға мүдделі. Өйткені, республикамызда отандық тұқым шаруашылығын өндірумен айналысатын шаруашылықтар санаулы ғана десек те болады. Аттестатталған шаруашылықтар бойынша мақалада жазылған мәселеге қатысты «Шалқар» шаруа қожалығы мен «Қайнар Агро» ЖШС-ның аттестаттау куәліктерінің мерзімінен бұрын қолданылуын тоқтату жөнінде облыста егілетін тұқым сапасын зерттеу жұмыстарына қоғамдық бақылау жөніндегі жұмысшы топтың жетекшісі – Аманжол Аманбаевтың ресми түрде атқаратын қызметі – «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Топ жетекшісі – Аманжол Дүйсенбекұлының айтуынша, «Қайнар Агро» ЖШС-на жаза қолданылмады делінген. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы №385 «Тұқым шаруашылығы туралы» (бұдан әрі – Заң) Заңның 6-1 бабы 17) тармақшасында «тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде: субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын; тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұрады» – деп көрсетілген. Қазіргі таңда облысымызда тұқым шаруашылығы саласы бойынша жүргізілетін жұмыстар 1 маманға жүктелген. Жоғарыда аталған Заңның 6-1 бабындағы жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне аудандар кіргізілмеген және аудандарда тұқым инспекторлары жоқ. Алайда, жоғарыда аталған Қағиданың 2 тарауы, 16 тармағына сәйкес, аттестаттау туралы куәліктің қолданысы мынадай жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады: 1) өтініш берушінің (көрсетілетін қызметті алушының) аттестаттау туралы куәлікте көзделген қызмет түрінен бас тартуы; 2) жеке тұлғаның қайтыс болуы. Жұмыс органы мүдделі адам ұсынған қайтыс болғаны туралы куәліктің негізінде аттестаттау туралы куәліктің қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады; 3) заңды тұлғаның жойылуы. Өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) жергілікті атқарушы органға (көрсетілетін қызметті берушіге) аттестаттау туралы куәліктің қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату туралы жазбаша хабарлама ұсынады. 2023 жылы 19 мамырда Заңның 6-1 бабының 10- 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, тиісті аумақтарда тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асыру мақсатында басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары, мемлекеттік астық, тұқым және техникалық инспекциясы бөлімінің басшысы және (ресми түрде атқаратын қызметі – «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, топ жетекшісі) Аманжол Аманбаевтың айтуы бойынша, облыста егілетін тұқым сапасын зерттеу жұмыстарына қоғамдық бақылау жөніндегі жұмысшы топтың жетекшісі болып Меркі, Т.Рысқұлов аудандарына зерделеу жұмыстары жүргізілген (ешқандай комиссия тобы құрылмаған). Зерделеу (көзбен шолу) кезінде «Қайнар Агро» ЖШС-нің өкілінің бастауымен жолдың бойында орналасқан егіс алқабынан (тұқымдық алқабы екені анықталмаған) ішінара карантиндік нысан – у кекіре жұлынып алынған.

Ал, мақалада жазылғандай, «Шалқар» шаруа қожалығының егіс алқабын ешкім араламаған. Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарының арыздануымен келіп түскен өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) тарапынан «Шалқар» шаруа қожалығының қоймасына жүргізілген 2023 жылдың 22 мамырдағы № 01- 177 карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысының негізінде, «Шалқар» ШҚ-на 09.10.2020 жыл – 07.10.2023 жыл аралығында элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу қызметін жүзеге асыруға берілген №KZ71VDC00082213 аттестаттау куәлігінің қолданысы 2023 жылдың 6 маусымында басқарма басшысының №68 бұйрығымен мерзімінен бұрын тоқтатылған. 2023 жылы ақпан айында инспекцияның ұсынысы негізінде «Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Өсімдік карантині туралы» Қазақст ан Республикасының Заңының 9-1 бабының, 3) тармақшасына сәйкес әзірленіп, 2023 жылдың 9 наурыздағы «Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің №38 қаулысы қабылданады. Қаулының 1 қосымшасында «Шалқар» ШҚ-ы мен «Қайнар Агро» ЖШС-ның егіс алқаптары да көрсетіледі. Алайда, аталған шаруашылықтардың егіс алқабының тұқымдық егіс алқаптары екендігін немесе жалпы егіс алқабының көлемін анықтау басқарманың құзырына жатпайтын болғандықтан, ұсынымда көрсетілген тізім бойынша қаулы қабылданады. Сонымен қатар, «Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің №38 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылдың 30 мамырында Жамбыл облысы әкімдігінің №96 қаулысы қабылданып қолданысқа енгізіледі. Осы ретте, «Республикалық фитосанитариялық диагно стика және болжамдар әдістемелік орталығы» (бұдан әрі – РФДжБӘО) мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облыстық филиалы мамандарының жүргізілген егжейтегжейлі мониторингтік анықтау-зерттеу жұмыстарының қорытынды нәтижелері бойынша инспекцияның 2023 жылғы 11 желтоқсандағы №6-3- 5/636 ұсынысы негізінде 2024 жылдың 27 ақпанында «Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің № 43 қаулысы қабылданып, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің №44 қаулысы қабылданады (оның ішінде 1) тармақпен №38 Қаулының, 2) тармақпен 96 Қаулының күші жойылады). 2023 жылдың 9 наурыздағы «Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің жойылған №38 қаулысының 1-қосымшасында қателікпен көрсетілген «Қайнар Агро» ЖШС-ның карантиндік нысанмен залалданған 1800 гектар егіс алқабының дәлелді құжаттары ұсынылып, 2019 жылдан бастап 1800 гектар егіс алқабы «Жасмин» ауыл шаруашылығы кооперативінің тиесілі жері екені анықталған. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №107 бұйрығының 3-тарауындағы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың 17 қосымшадағы тұқымдарға арналған субсидия нормативтеріне сәйкес, аттестатталған шаруашылықтардың өндірген элиталық және I репродукциялы тұқымдары ғана, яғни егіс алқабының 15-20 пайызына кеткен тұқымдарының шығыны субсидияланады. 2018-2022 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан берілетін қолдауларға «QOLDAU» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсетсе, 2022 жылдың желтоқсан айында аталған ақпараттық жүйенің жұмысы тоқтатылды. 2023 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «GOSAGRO.KZ» ақпараттық жүйесі арқылы атте статталған шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері сатып алған тұқымдарының шығынын субсидиялау заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуде.

 

Редакциядан

Ұқсас жаңалықтар