Ал бұл сәтте шаһардың шығыс қақпасынан басталған күтіп алу салтанатына жиылған жерлестердің де қатары қалың болды. Бұл төртжылдықтың басты бәсекесінде байрағымызды биіктеткен Елдосқа елдің танытқан ыстық ықыласының айқын әрі айшықты көрінісі. Ел чемпионын күтіп алуға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, жергілікті зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен спортшылар қауымы бастаған жүздеген тұрғын қатысты.
Туған жерге табаны тиісімен халқының ыстық құшағына көмілген Елдосқа көпшіліктің қошеметі зор болды. Елдің еріне деген сүйіспеншілігі әр тұстан «Елдос!» деп ұрандатуынан-ақ байқалып тұрды. Салтанатты жиында чемпионды арнайы күтіп алған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ізгі лебізін жеткізді.
– Қажымұқан атамыз күрескен Париж төрінде Жақсылық Үшкемпіровтің арманын орындады. Осы ерлігімен ол еліміздің қаншама жастарына үлгі болып, жеңіс жолын көрсетті. Әрине, мұның астарында қаншама жылдық қажырлы еңбек, маңдай тер, ата-ананың тәрбиесі мен отбасының қолдауы, жаттықтырушылардың жігері жатыр. Елдостың ерлігін қайталап, облыстың мерейін асқақтатар жаңа чемпиондарымыз көп болсын, – деді облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы.
Осыдан соң ырысты елдің ақсақалдары да ақ батасын жаудырды. Облыстық спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Тәуірбек Әбітайұлы ақжолтай тілегін арнай келе, өз сөзін:
Ұлысың қазақ елінің,
Ел үшін көрмей сәт тыным.
Жолымен Жақсылық ерімнің,
Жарыстың алдың алтынын, – деген жырмен түйіндеді.
Бұдан соң жеңіс тұғырынан көрініп, ел тарихында дзюдодан Олимпиаданың тұңғыш чемпионы атанған жампоз шаһардың басты көшелерінде ұйымдастырылған шеруге қатысып, жерлестерінің қошеметіне бөленді.
Мерейлі сәт Елдосқа арналған салтанатты шараға ұласты.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Есірткі таратушыларға тосқауыл қойылды
- Бүгін, 01:50
Маңызды екі жоба талқыланып, бекітілді
- Бүгін, 01:32
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді