«Аталған іс - шараға кітапхана қызметкерлері өте жауапты дайындалды. Бұл көрініс «Юнга» кемесіне мінген Капитан Гектор Барбосса бастаған теңіз қарақшыларының келуімен бастау алып, Джек Воробеймен «Қара маржан» қазынасын табу үшін кітап мұхитындағы «Нептун», «Мотунуй» аралдарының викториналық сұрақтарына жауап бере отырып, кедергілерден өтті. Балалар сүйіп оқитын «Су перісі», «Кариб теңізінің қарақшылары» шығармаларының және Уолт Дисней студиясының кейіпкерлері жас теңізшілермен жасырылған қазынаны тауып, сыйлықтарға ие болды. Балалар танымал әуендерге флешмоб билеп, «Балаларға базарлық» кітап көрмесімен танысты.Бұл көрмеде жасөспірімдердің танымына арналған алуан түрлі кітаптарды көпшілік назарына ұсындық. Балалардың жақсы әсер алуымен қатар, кітап оқуға құштарлығы ояна түскеніне сенімдіміз. Балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру жолында нәтижелі жұмыстар жалғасын таба беретін болады», – деді Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова.
Аталған кітапхана бұл бағытта түрлі тәсілдерді жүзеге асырып келеді. Мәселен, «Болашақ» балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерінде «Кітап мұхитындағы аралдар» жобасы аясында «Көңілді спортшылар аралы» спорттық сайысы өтті. Іс-шара барысында оқырмандар «Қыран» және «Бүркіт» тобы болып екіге бөлініп, алты кезеңнен тұратын спорттық әр түрлі кедергілерді еңсеріп, білімдерін шыңдайтын сұрақ-жауап ойындарын ойнады. Сондай-ақ, «Кітап – алтын қазына» кітап көрмесіне шолу жасалып, оқушылар кітаптың қызықты әлеміне сапар шекті. Тараз қаласындағы «№13» балабақша оқымандарымен аталған жоба аясында «Media Entertainment» аралы «Экрансыз күн!» «Мультфильм, караоке күні» шеберлік сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқырмандар мультфильм тамашалап, «Әуенді тап» ойынын ойнап, «Кітап алтын қазына» кітап көрмесі балғын балалардың назарына ұсынылды. «Қарындаштың ұшындағы жаз» сурет көрмесінің өтуі де – балалар жазын көңілді өткізудің жарқын қадамы. Іс-шара барысында оқырмандар сурет салып, сөзжұмбақ ойнады. Бұл күні де кітап көрмесі ұйымдастырылып, қызықты мәліметтер ұсынылды. Қорыта айтқанда, осындай түрлі іс-шаралар балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыра түсері анық. Жаз мезгілінде балаларды кітап оқуға бағыттаған кітапхана тарапынан жүзеге асқан жобалар әлі де жалғасын табады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді