– Биыл егін және мал шаруашылығы салаларында жыл басынан бері 92,9 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға жоғарылады. Бұл қаражаттың 3,4 миллиард теңгесі егін, 89,4 миллиард теңгесі мал шаруашылығының үлесіне тиесілі. Ал, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 6,1 миллиард теңге инвестиция тартылса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция 2,9 миллиард теңгені құрады. Сонымен бірге осы жылдың өнімі үшін 644,5 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, 6,6 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары ендірілді. Өңірде мал басының артуы байқалады. Бүгінгі таңда мал басы 4,8 миллион басқа жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда мал басы 0,2 пайызға артқан. Сондай-ақ, 46,4 мың тонна ет, 115,4 мың тонна сүт және 43,3 миллион дана жұмыртқа өндірілді, – дейді Төлебек Болатұлы.
Облыста «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» жөніндегі жол картасына» сәйкес аймақта 2024-2026 жылдары 77,5 миллиард теңгені құрайтын 36 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 10 сүт тауарлы ферма, 4 құс еті бағытындағы құс фабрикасы, 8 көкөніс сақтау қоймасы, 1 теріні қайта өңдеу жобасы, 8 су үнемдеу қондырғысы, 2 бордақылау алаңы, 2 балық шаруашылығын дамыту және бір қарқынды бақ алқабын орналастыру жобасы бар.
Ал, биылғы шілде айындағы жағдай бойынша, облысымызда жалпы құны 5 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылып, 68 жұмыс орны құрылған. Іске асырылған инвестициялық жобалардың ішінде «Алель агро» акционерлік қоғамының инкубатор, «Тоқтасын агро» мен «Тастөбе» ШҚ-ның және «Қызыл Дихан» ӨК-тің жаңбырлатып суғару қондырғыларын орнату, «Smart Agro Karkara» ЖШС су үнемдеу қондырғыларын орнату жобалары іске асырылған.
Сонымен қатар, құны 52,5 миллиард теңгені құрайтын 20 жобаны 2025 жылы іске асыру көзделуде. Атап айтсақ, оның ішінде 3 құс еті бағытындағы құс фабрикасы, 7 сүт тауарлы фермасы, 2 көкөніс сақтау қоймасы, 2 су үнемдеу технологиясы, 2 балық шаруашылығын дамыту, 1 қарқынды бақ алқабын орналастыру, 2 бордақылау алаңы мен бір теріні қайта өңдеу жобалары бар. Ал, «Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға жеңілдетілген несие беру» бағдарламасы аясында 8 миллиард теңгеге 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қарастырылуда. Ол жобалардың ішінде 3 сүт тауарлы фермасы, 6 көкөніс сақтау қоймасы, 2 су үнемдеу қондырғысы, 2 жүн және тері өңдеу және 2 пиязды кептіру және қайта өңдеу жобалары қаралған.
Бұдан бөлек, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы құны 11,5 миллиард теңгені құрайтын үш жобаны іске асыру жоспарда бар. Біріншісі, «BM AGROPRODUCT» ЖШС құс еті бағытындағы құс фабрикасын құру, «Матышев» ЖК көкөніс сақтау қоймасы, «ТЗС» ЖШС қайта өңдеу жобасын жүзеге асырмақ ниетте.
«Халық Банкі» арқылы құны 4,2 миллиард теңгені құрайтын үш жобаны «Алель Агро» АҚ-ы құс еті бағытындағы құс фабрикасын, «Бай-Нұр» ЖШС сүт тауарлы фермасын құру, ал «Жилкибеков» ЖК бордақылау алаңының құрылысы жобасын өз мойындарына алған.
«Қазақстанның даму банкі» арқылы құны 15,6 миллиард теңгені құрайтын жобаны «Алель Агро» АҚ құс еті бағытындағы құс фабрикасын құру жобасын бір өзі іске асырмақ. Бұдан бөлек, бүгінгі таңда «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ шетелдің қатысуымен бірқатар жобаларды жүргізуде. Атап айтсақ, қытайлық «Snaanxi Wentou Supply Chain Management Co. Ltd» компаниясы үйде пайдаланылатын қағаз өндірісін қолға алған. Оның жылдық қуаты 100 мың тоннаны, ал жобаның құны 14 миллион АҚШ долларын құрайды. Екіншісі, жаңбырлатып суару қондырғысын шығару, оның жылдық қуаты 500 қондырғы дайындау, бұл жобаны да қытайлық «Vodar» компаниясы іске асыруда. Сонымен қатар, қытайлық бұл компания екі доңғалақты және үш доңғалақты электр көлік құралдарын құрастыру жобасын қолға алмақ. Ол жобаның құны 7 миллион АҚШ долларын құрайды. Ал, қытайлық «Бату Агро» ЖШС ірі және ұсақ малға арналған бидай, арпа, жүгеріден жемшөп ұнын өндіретін ұн тарту зауытын салу және ірі және ұсақ мал терісінен жоғары белокты жемшөп қоспасын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, облыстағы «TRZ AGRO» компаниясының қатысуымен әлеуеті жоғары әрі кешенді қайта өңдеу кәсіпорнын құру жоспарлануда. Онда құны 2,2 миллиард теңгені құрайтын үздіксіз ет өңдеу кешені және өнімділігі жылына 7 мың тоннадан астам дайын өнім шығаратын сою, бөлшектеу, шұжық және консервілеу цехтары іске қосылатын болады.
– Бұл инвестициялық жобалардан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы да өз нәтижесін беруде. Бір атап өтерлігі, жобаны іске асыру нәтижесінде ауыл тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген басты екі мәселе шешімін тапты. Оның бірі 2,5 пайызбен несие берілді, екіншісі ауылдық елді мекендердегі мүліктер кепілдікке қабылданды. 2019-2022 жылдар аралығында «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылған 24 ауылдық округте есепті жылмен салыстырғанда мал басы – 113 241 басқа, ет өндірісі – 2110 тоннаға, сүт өндірісі 3050 тоннаға ұлғайған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 1254 адамға қысқарған. 2023-2024 жылдар аралығында 24 миллиард теңгеге 10 аудандағы 38 округтен 4076 жоба қаржыландырылды. Жалпы, 2019-2023 жылдары «Ауыл аманаты» жобасы аясында 62 ауылдық округте 41,6 миллиард теңгеге 8028 жоба қаржыландырылды. Бұл қаржы 228 мың басқа жуық мал мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу, кооперативтерге айналым қаражат беру, өз кәсібін ашу бағыттарына жұмсалды. Осы 2019-2023 жылдары жобаға енгізілген әр 62 ауылдық округте бір-бірден ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Аталған кооперативтерге жергілікті бюджет есебінен 3 миллиард теңгеге 400-ден аса ауыл шаруашылығы техникасы лизинг жүйесімен берілді, – дейді облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлебек Құлекеев.
Биыл «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 10,5 миллиард теңге қаралған. Осының аясында жобаға қатысуға өтінім берген 1200 азаматты несиемен қамту арқылы 1672 жұмыс орнын құру жоспарланған. Сондай-ақ, облыс әкімдігі тарапынан қосымша кәсіпкерлік бағытында іске асырылатын 11,5 миллиард теңгені құрайтын 1476 жобаның тізімі нақтыланып, осының шеңберінде 2,5 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген.
Тарқатып айтар болсақ, көкөніс қоймасы, жеміс-жидек өнімдері, сүт цехын жабдықтау, құрама жем цехы, жылыжай, биогумис, бал, экочикен, сүт пен басқа да 400 өтінімді қаржыландыру үшін ауыл шаруашылығы бағытына 3,2 миллиард теңге бөлінген. Ал, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бағытына қаралған 6,5 миллиард теңгеге 873 өтінімді қанағаттандырып, тігін және жүн өңдеу цехы, туристік глэмпинг және демалыс қызмет көрсету орындары, ауылшаруашылық дрондар, балабақшаны жабдықтау, құрылыс материалдарын дайындау және тағы басқа жобаларды жүзеге асыру межеленген. Бұдан бөлек 43 ауыл шаруашылығы кооперативін су үнемдеу технологиялары, сүт цехын жабдықтау, кондитерлік цех, наубайхана ашуы үшін 1,1 миллиард теңгеге жобаларын қаржыландыру жоспарланған.
– «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіпкерлер санын 25 мыңға жеткізу жоспарланса, бюджетке жылына 3,7 миллиард теңге түседі деп күтілуде. Сонымен қатар, жоба шеңберінде 7500 жаңа жұмыс орны ашылса, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 8 мың адамға төмендемек. Осының есебінен бюджеттік үнемдеу жылына 1 миллиард теңгені құрайды деп болжануда. Ауыл халқы кәсіпкерлікке бет бұрған тұста нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар саны 7 мыңға қысқармақ. Жоба аясында 352 мыңнан аса мал сатып алынып, соның есебінен 231 мың тонна ет және сүт өнімдері өндіріледі. Үй іргесіндегі егіс көлемі 109777 аулаға дейін жетіп, 112 мың тонна көкөніс, бақша дақылдары өндірілетін болады. Мал азығы үшін кооператив күшімен 798 мың тонна дәнді дақылдар және мал азығы дайындалады. Осы кезеңде 25 мыңға жуық жеке кәсіпкерлік ашылады, нәтижесінде тұрғындардың табысын арттыруға, өндірістің, салық көлемінің ұлғаюына және басқа да салаларға оң әсерін тигізеді, – дейді Төлебек Құлекеев.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді