Орман шаруашылығы мекемелері жаңа техникалармен толықты
- author «Ақ жол»
- 31 шілде, 2024
- 1.1k
Өңірде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі 15 мекеме жұмыс істейді.
Жамбыл облысы әкімінің Баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл аталған мекемелерге қажетті техникаларды алу үшін 280 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде 3 трактор, 3 кіші өрт сөндіру автокөлігі, 10 патрульдік автокөлік, 10 соқа, 8 дискілі тырма және тағы басқа қажетті агрегаттар алынды. Ал, өткен жылы мекемелер 9 трактор, 7 автокөлік, 10 өрт сөндіру мотопомпасы, 4 дисклі тырма және 40 мобильді рациямен қамтылды.
Айта кетейік, Жамбыл облысында 4 млн. 414 мың гектар мемлекеттік орман қоры бар. Оның 2 млн. 357 мың гектары орман ағаштарымен көмкерілген. Жалпы орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр.
Қазіргі таңда ормандарды молайту жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес соңғы үш жылда орман қорына 67,2 млн. ағаш егілді. Атап айтқанда, 2021 жылы – 7 300 гектарға 10 563 дана, 2022 жылы – 13 660 гектарға 24 500 дана, 2023 жылы – 18 812 гектарға 32 218 дана қарағаш және сексеуілдің көшеттері егіліп, тұқымы себілді. Сондай-ақ, биыл 4 728 гектар алқапқа 13 387 дана қарағаш және сексеуіл екпесі отырғызылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




