– Аумақтық қамтуы бүтіндей төрт облысты құрайтын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызмет ету оңай шаруа емес. Бірақ, мұнда қызмет еткен әрбір адам мол тәжірибе жинайтыны ақиқат. Бұл күнде осындағы әскери бөлімдерде тер төккен мамандар елімізде өте жоғары сұранысқа ие. Сіздердің университет қабырғасында алған білімдеріңіз өздеріңізге де, әскерилерге де зор пайдасын тигізеді деп сенемін, – деді Қуанышбек Үштаев.
Жалпы, оңтүстікке табан тіреген жастардың кейбірі бұған дейін де осы аймақта қызмет етіп үлгеріпті. Ал, енді ғана келгендердің де жаңа жағдайларға бейімделуі аса қиын болмасы сөзсіз. Өйткені, Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі әскери басшылықтың қағидаттары, әдістері мен тәсілдері біртұтас екені белгілі. Оның үстіне, олардың қызмет етуі барысында білім алу принципі ретінде оқытудың бірнеше кезеңдері қарастырылмақ. Мұнда алғашқы базалық әскери білімнен кейін жедел-тактикалық буын түлектеріне офицерлік мансаптың бастауы болатын лейтенант атағы беріледі. Уақыт өте одан әрі көтерілуге ниет білдірген офицерлердің әскери университетке немесе академияға түсуіне мүмкіндік бар. Олар оқуын тәмамдағаннан кейін жедел-стратегиялық бағыттағы басшылық лауазымдарға орналаса алады.
– Әскери мансабын жоғары деңгейде жалғастыру ниеті офицерлерді оқуын жалғастыруға және үшінші жоғары білім алуға итермелейді. Мұндай офицерлер әскери жоғары оқу орындарында екі жыл білім алғаннан кейін стратегиялық деңгейдегі басқарушылық біліктілікке ие болады. Біздің болашақ генералдарымыз да осылар, – дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары, әскерлер штабының бастығы, полковник Нұрлан Кәрібаев.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Көмірден электр энергиясын өндіру қолға алынбақ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




