Бұл жәдігерлердің табылуы да қызық. Осыдан он жылдай бұрын Қаратау қаласының тұрғыны, «Fortis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ғалымжан Жұмаділдаев жоғарыда аталған Есейхан ауылына таза ауыз су тарту үшін құбырды таудың биік жотасынан жүргізген екен. Тұрғындарға ертерек тіршілік нәрін ұсыну үшін бірнеше техника жұмылып жұмыс істеп жатқан уақыт. Сол кезде бір «КамАЗ» топыраққа тығылып, тайғанап шыға алмай қалады. Басқа ауыр техникамен әлгі «КамАЗды» сүйреп шығарғанда, көліктің орны апандай болып ойылып қалады. Міне, сол шұңқырдан осы қылыш пен құмыра табылған. Шұңқырды біраз қазған жұмысшылар бұл жерде бірнеше ғасыр бұрын кісі жерленгенін байқайды. Содан серіктестік басшысы бірнеше көлікпен құм төктіріп, шұңқырды бекітіп тастайды. Ол туралы Ғалымжан Мейрамбекұлы: «Орынның талай ғасыр бұрынғы бабалар зираты екенін сездім. Қайтадан біреулер қазып жүрмесін деп қажетті мөлшерде құм төктіріп, жаптырып тастадым. Сол жерге жергілікті имамды апарып, Құран оқыттық. Табылған қылыш пен құмыраны аудандық тарихи-өлкетану музейіне өз қолыммен апарып табыс еттім. Қасиетті тарихи зат әркімнің қолында кетпесін деген ойым болды. Болашақта жас ғалымдар аталған затты зерттеп жатса қуаныштымыз. Әзірге бұл құнды заттардың ХV - ХVІ ғасырларға тән екендігі анықталып отыр», – дейді. Ал, аудандық музей директоры Ербол Наршаұлы: «Музей жәдігерлері – көпшіліктің ортақ олжасы. Сондықтан құнды заттың табылуы кезінде қырағылық танытқан кәсіпкер Ғалымжан Жұмаділдаевқа рақмет айтамыз. Осы көне заттарды зерттейміз деген жас зерттеушілер болса, бағыт беруге дайынбыз. Қазіргі таңда бұл қылыш пен құмыраны тамашалаушы тұрғындар көп», – дейді.
Тасын түртсең, тарихы сөйлейтін таластықтар мұндай жәдігерге таңдана қоймайды. Дегенмен, құм астынан табылған қылыш пен құмыраның өзіндік құпия сырлары бары анық. Келешекте ол зерделеніп жатса, өте игі іс болар еді. Әзірге олар аудандық мұражайдың құнды жәдігерлері қатарында тұр.
Есет ДОСАЛЫ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Паралимпиада жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиге құрмет көрсетілді
- 13 қыркүйек, 2024
Елімізде АЭС құрылысына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізілді
- 12 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді