Аймақ басшысы Елдос Сметовтың ата-анасына Құрмет көрсетті
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2024
- 1.5k
– Елдос – ел сенімін ақтап, барша қазақстандықтардың, жанкүйерлерінің мерейін асырды. Әулиеата жұртының абыройын асқақтатты. Даңқты спортшы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың аңсаған арманын орындап, жеңісін 44 жылдан кейін қайталады. «Алып анадан туады» деген қазақта аталы сөз бар. Елдостың елдің баласы атанып, байрақты бәсекелерде топ жаруына ата-анасының сіңірген еңбегі, тәлім-тәрбиесі, жанұясының қолдауы зор, – деді облыс әкімі.
Ербол Қарашөкеев чемпион ұлды тәрбиелеп, қолдау көрсеткен жақындарына алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді. Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстады.
Айта кетейік, Ербол Шырақбайұлы жамбылдық жампоздарды Олимпиада алдында жеке қабылдап, қаржылай сый-сияпат жасап, сәттілік тілеген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




