Оның айтуынша, биыл департамент тарапынан 38 аудиторлық іс-шара жүргізілген. Оның 5-еуі жоспарлы, 33-і жоспардан тыс тексерулер болса, комитеттің тапсырмасымен 5, ал заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша 28 аудиторлық тексеріс болған.
– Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысында 64118,4 миллион теңгенің құқық бұзушылықтары анықталды. Оның 59670,8 миллион теңгесі қаржылық бұзушылықтар болса, мұның ішіндегі 235,2 миллион теңгесі бюджетке өтелуге жатады, қалпына келтіруге жататыны 1555,8 миллион теңге, ал 57 897,7 миллион теңгесі бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар. Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 27 лауазымды тұлға тәртіптік, ал 15-і әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 6,1 миллион теңге өндірілді. Құқық қорғау органдарына жалпы құны 1440,5 миллион теңгені құрайтын 4 материал берілсе, бір материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, – дейді Рахымжан Мырзаханұлы.
Баспасөз мәслихаты барысында департамент басшысы мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шараға да кеңінен тоқталып өтті. Жалпы аталған кезеңде мемлекеттік сатып алу бойынша және жеке тұлғалардан 2254 арыз-шағым түскен, оның 1308-і қаралса, 946 арыз-шағым дәлелдердің анықталмауына байланысты бас тартылған. Қорыта айтқанда, осы жылдың бірінші жартысында департаментте барлығы 329 әкімшілік хаттама тіркеліп, оның 310-ы қаралып әкімшілік айыппұлдар салынған, 19 материал сотқа берілген. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 36,2 миллион теңгені құрайды. Барлық салынған айыппұлдар бюджетке толығымен қайтарылған.
Брифинг соңында департамент басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді