ТАРАЗ
«Таза өлке» атты алғашқы апталық аясында қала аумағында 29 тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, көпқабатты үйлердің аулаларына, қала көшелеріне санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізіліп, 2 175 ағаш көшеттері отырғызылды. Атап айтқанда, ясинь – 1 423, қарағаш – 183, шырша – 46, сирень – 111, ақ қайың – 28, акация – 10, павления – 13, туя – 88, можжевельник – 132, мальва – 62, қарағай – 79 түп. Бұл әрине, қаланың көгеруіне, экологиялық тазалығына қосылған үлес.
Ал, «Киелі мекен» апталығы аясында тарихи-мәдени ескерткіштердің маңын абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, 5 146 ағаш көшеттері мен 500 раушан гүлі отырғызылды. «Жасыл аймақ» апталығында скверлерде, қала көшелеріне, саябақтар мен шалғай аумақтарға 2 453 ағаш көшеттері отырғызылды.
«Өнегелі ұрпақ» апталығында қаланың белсенді жастары, «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарттар үйіне санитарлық-тазалық, ағаш бұтау, сырлау жұмыстарын жүргізіп, зиялы қауым өкілдерімен TEDx форматта еркін сұхбаттасу ұйымдастырды.
Сондай-ақ, «Мөлдір бұлақ» апталығында су қоймаларының айналасы, өзен-көлдерді күл-қоқыстан, жабайы шөптерден тазалау жұмыстары жүргізілді.
Осы ретте қала аумағында «Қапал», «Үшбұлақ», «Қарасу-1,2», «Төрегелді» каналдарының механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді және «Мамыр» тоғайында санитарлық-тазалық жұмыстары қолға алынып, радио-концерт ұйымдастырылды, игі іске барлық техникалық жасақ жұмылдырылды. Сондай-ақ, «Ұлы дала» ықшам ауданында «Біздің аула» атты тұрғындардың қатысуымен ағаш отырғызу, тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. «Әулие бұлақ» каналының бойында еріктілер тазалық жұмыстарын өткізіп, «Үздік волонтер» анықталып, ынталандыру мақсатында сыйлық табыс етілді.
Оған қоса шіліңгір шілдеде Талас өзенінің бойында Ассамблея жастарының, спорт, мәдениет саласының және «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің қызметкерлері санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Көктем» алқабында өрттің алдын алу мақсатында қураған шөптерді ору жұмыстары қарқынды өтті.
БАЙЗАҚ
Аталған акцияға байзақтықтар да белсене қатысты. Сарыкемер ауылы «Отбасы аллеясы» және «Астананың 10 жылдығы» атындағы саябағында санитарлық тазалық жұмыстарын, оның ішінде саябақта ретсіз өскен шөптерді шабу және қоқыстардан тазалау жұмыстары атқарылды. Аталған іс-шараға аудан әкімдігіне қарасты бөлімдері, мекеме қызметкерлері атсалысты.
Акция аясында барлық ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастыруымен елді мекендерге қарасты облыстық, аудандық және елді мекен көшелеріндегі автомобиль жолдары бойында санитарлық тазалық жұмыстары, оның ішінде жол жиегіндегі шөп шабу, электр бағаналарын және қоршаулар мен жол белгілерін сырлау, жаяу жүргіншілер жолдарын шөптен тазалау жұмыстары атқарылды.
Жалпыұлттық акция шеңберінде «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Байзақ ауданы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан орталығын өзге өңірлермен байланыстыратын автомобиль жолдарының бойында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Сарыкемер-Байзақ, Дихан-Түймекент, Мырзатай-Жетібай, Бурыл-Көктал бағыттарындағы автомобиль жолдары қоқыстан тазартылды. Бұл бағыт бойынша тазалық жұмыстарына 10 мекеменің қызметкерлері жұмылдырылып, жүзге жуық адам қамтылды.
Сонымен қатар, Amanat партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» акциясы өз жалғасын тапты. Акция қатысушылары Сарыкемер ауылының шыға берісінде орналасқан «Байзақ датқа» кесенесінің айналасын қоқыстардан тазалау, ретсіз өскен шөптерді шабу және кесенеде егілген гүлдерді ретке келтірді. Шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары мен белсенді жастар және партияның аудандық филиалының қызметкерлері белсене атсалысты.
Жалпы, аталған республикалық акция аясында 18 өзен-көл, 70 шақырым каналдар мен арықтар, 373,6 шақырым ұзындықта көшелер мен аулалар тазартылған. 4300 дана қураған тал бұталып, 45 тонна қоқыс шығарылған. 34 ескерткіштің аумағы тазартылып, 2610 шаршы метр гүлзарлар отырғызылған. Бұл іс-шараларға жалпы 6530 адам қамтылып, 35 техника жұмылдырылған.
ЖАМБЫЛ
Санитарлық-тазалық акциясы нәтижесінде ауданда жалпы 4 мың ағаш көшеті отырғызылыпты. Оның ішіндегі 450 түп арша, 350 түп тұя, 2800 түп қарағаш – ертеңгі күнгі игілік. Аса ауылындағы орталық алаң аумағында және ауданға қарасты 42 елді мекенде 14444 түп бір жылдық шырайгүл (петуня) көшеттері отырғызылды. «Жасыл белдеу» өңірлік жоспарына сәйкес осы жылы 17 гектар жер учаскесіне 20 мың түп ағаш көшеттері отырғызылса, 14100 түп қарағаш, 4700 түп терек, 500 түп ясень (ерен) талы, 200 түп туя көшеті егіліпті.
Сонымен қатар, экологиялық акция барысында тұрмыстық қатты қалдықтар мен күл-қоқыстарды бей-берекет орындарға тастағаны үшін 48 тұрғынға ескерту беріліп, бұл орындардан 380 тонна күл-қоқыс шығарылып, тазаланған.
Жалпы, аудан бойынша елді мекендерге кіреберіс автомобиль жолдары бойындағы ағаш көшеттері әктеліп, 2210 дана тал көшеттерін балақтау жұмыстары жүргізілді. 500 шаршы метр авто тұрақтарды арам шөптер мен күл-қоқыстардан тазарту, 2 мың шаршы метр шөптерді шабу, 20 шақырым өзендердің жағалаулары мен арналарын тазарту, 25 шақырым арықтар мен арық өткелдерін тазалау, 150 дана жол белгілерін шаң мен кірден тазарту, 32 шақырымнан аса каналдар тазаланыпты.
122 шақырым көшелерді тазалау жұмыстары жүргізіліп, 5125 шаршы метр саябақтарды, скверлерді тазалау және көріктендіру жұмыстары, 380 тонна кездейсоқ күл-қоқыс орындарын шығару шараларының белсенді жүргізілгені – ел бірлігінің жемісі.
«Таза Бейсенбі» акциясын өткізудің кешенді алгоритмі мен іс шаралар жоспарына сәйкес, «Аса-Тараз», «Аса-Мырзатай», Еңбек ауылы бағытындағы (ұзындығы 17 шақырым), Аса-Өрнек бағытындағы және Аса-Қаракемер мен Ақкөл автомобиль жолдары күл қоқыстардан тазартылып, шөптері орылды.
ЖУАЛЫ
Экологиялық акциясы аясында аудандағы барлық елді мекендерде аптаның әр күні санитарлық тазалық жұмыстары, сенбіліктер ұйымдастырылып, саябақтар мен сквер аумақтары абаттандырылып, тазаланды. Ауыл ішілік көшелерде арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
17 тыл, еңбек ардагерлері және жалғызбасты қарт кісілердің үйлері және аулаларына тазалық, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 80 тоннадан аса күл қоқыстар тазаланды.
Елді мекендердегі медициналық пункттер, аула клубтары, мәдениет үйлері мен мектеп, балабақша аумақтары тұрақты тазаланып, жол бойындағы қоршаулар мен электр және көше бағаналары сырланды. Акцияға 20 мыңнан аса тұрғын мен ерікті жастар желілік кесте бойынша тұрақты түрде қатысып, үлестерін қосты.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан зерделеу жұмыстары әр 2 апта сайын жүргізілді. Анықталған кемшіліктер дер кезінде жойылып, нақты деректер тиісті басқармаға жолданған. Акция нәтижесінде аудан аумағы қоқыстан толыққанды тазарып, жасыл көшеттер жайқалып өсуде.
ҚОРДАЙ
Республикалық экологиялық акциясы Қордай ауданында да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мұнда бірқатар бағдарламалар жүзеге асып, іс-шаралар өтті. «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясындағы шараға 2500 адам мен 35 мекеме қатысты. 11 арық жүйелері тазаланып, 6 бірлік техника қызмет етіп, 3 мың тонна қоқыс шығарылды.
«Таза өлке» бағдарламасы аясында 2300 адам мен 35 мекеме жұмысшылары қамтылды. Бұл іс-шараға 7 бірлік техника жұмылдырылып, 300 аула тазаланды, жұмыстар қорытындысымен 4000 тонна қоқыс шығарылды.
«Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында 2500 адам мен 30 мекеме жұмысшылары қатысты. Атап айтқанда, 5 бірлік арнайы техниканың және еңбекшілердің күшімен 1300 түрлі ағаш, 2000 көшет отырғызылды.
«Киелі мекен» бағдарламасы аясында 3000 адам қамтылды. 4 бірлік техниканың көмегімен саябақтардың 3 мың шаршы метр көлемі тазаланды. 300 шаршы метр брюсчатка (жабынды) жөнделіп, ретке келтірілді. Сонымен қатар, 2 мың тонна қоқыс шығарылды. Өткен аптадағы орын алған екпінді жел мен көлбеу ағынның зардаптары да тез арада қалпына келтірілді.
МЕРКІ
Акция аясында аудан аумағында санитарлық тазалау, аялдамаларға және жарықтандыру желісінің тіректеріне қызмет көрсету, ағымдағы (шұңқырлы) жол жөндеу, жасыл аумақтарды күтіп ұстау, контейнер алаңдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, көгалдандыру, санитарлық тазарту және ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп ұстау жұмыстары іске асқан. Жалпы, акция бойынша аудан аумағында 175 іс-шара өтті. Аталған сенбіліктерде 45 шақырым арық пен каналдар, 186 шақырым көше, 140 тонна күл-қоқыс орындары тазаланды. Меркілік ақын, «Құрмет» орденінің иегері Шырын Мамасерікова: «Акция аясында аудан аумағы тазарып, ажарланып қалды. Оған алдыңғы толқын өкілдері де қатысып, жастармен бірге көшет екті. Себебі, өз ауылымыздың көркейгені үлкен бақыт», – дейді.
МОЙЫНҚҰМ
Аталған акцияның «Таза Өлке» апталығына сәйкес, Мойынқұм ауданында желілік кестеге сәйкес, 16 ауылдық округте тазалық жұмыстары жүргізіліп, күнделікті ауыл іші мен сыртындағы күл қоқыстар шығарылып, өртелді. Акция бойынша Мойынқұм ауданында жалпы тазалық жұмыстарына 16 техника, 32 мекеме ұжымы және ауыл тұрғындарын қосқанда барлығы 3 мыңға жуық адам қатысып, бүгінгі таңға дейін 20 тонна күл-қоқыс шығарылды.
16 ауылдық округтегі 24 елді мекеннің аумағында ағаш және гүл көшеттерін отырғызу, сондай-ақ тал-дарақтарды әктеу сынды санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Жалпы, бір мыңға жуық ағаш және 2 мың гүл көшеті отырғызылды. «Өнегелі ұрпақ» апталығында Жамбыл атындағы мектеп гимназиясының, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің және «Жас ұлан» ұйымы оқушылары Мойынқұм ауылындағы 1 тыл еңбеккері мен 1 жалғызбасты мүмкіндігі шектеулі қарияның ауласына сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, «Өнегелі ұрпақ» аясында 5 іс-шара ұйымдастырылған. Акция аясындағы жұмыстар Мойынқұм ауданында өз жалғасын таба беретін болады.
САРЫСУ
Сарысу ауданында бекітілген жоспарға сәйкес 200-ден астам сенбілік өткізіліп, 7 мыңнан астам адам қамтылды. Белгіленген аумақтар абаттандырылып, көгалдандырылып, аудан бойынша 7 мыңға жуық тал көшеттері отырғызылды.
Акцияның 4 айында 200 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылып, 40 гектардан астам аумақтар мен көшелер, 30 шақырым арықтар тазаланды.
Экоакция аясында Жаңатас қаласында «Таза Қазақстан» саябағы ашылды. Жаңа саябаққа «Жамбыл облысының 85 жылдығына» орай 85 шырша, «Жаңатас қаласының 55 жылдығына» орай 3 мыңға жуық тал көшеттері отырғызылды.
Шарапаты мол шараға аудан халқы әлі де белсенді атсалысуда. Оған қоса 150 ерікті қаладағы селдің салдарын сейілтіп, 12 жарым тонна қоқыс шығарған.
ТАЛАС
«Таза өлке» атауымен өткен кешенді іс-шарада аудан тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалады. «Киелі мекен» тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналса, «Жасыл аймақ» күні ағаш көшеттерін отырғызу, екпелерді әктеу ұйымдастырылды.
«Өнегелі ұрпақ» күні ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын жинау және абаттандыру ұйымдастырылып, бірқатар игі жұмыстар жүзеге асты. «Мөлдір бұлақ» деп аталған тазалық апталығында өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылды.
Аудан аумағында қала және ауылдық округтерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, оған 15 мыңға жуық адам тартылды. Жалпы, акцияға 116 мекеме қатысып, 54 техника жұмылдырылды. 1617 аула, 27 саябақ пен сквер, 10 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы және 15 бұлақ, 17 шақырым арық тазаланды. Шара барысында 5130 ағаш отырғызылды. Оның ішінде, 90 түп шырша және 30 түп терек. Сондай-ақ, 650 ағаш әктеліп, 65 тонна қоқыс шығарылды.
Т.РЫСҚҰЛОВ
Т.Рысқұлов ауданында 6 мыңға жуық адам сенбілікке атсалысып, жоспарлы желілік кестеге сәйкес, 6 әлеуметтік нысан, 2 көпқабатты және 50-ден астам ардагерлер және тыл еңбеккерлерінің аулалары тазаланып, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Акция барысында 40 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 18 саябақ және 15 сквер күл-қоқыстардан тазаланған. 1 100 түп тал-дарақтар отырғызылып, 200 шаршы метр төсеніш жабындылары ауыстырылып, 600 тонна қоқыс шығарылыпты.
81 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан саябақтар мен аллеялар маңында абаттандыру және ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енген Құлан қалашығының қоршауын сырлау, әктеу, шөбін шабу жұмыстары жүргізіліп, теміржол, автобекеттер мен автобус парктерінің және басқа да көлік кәсіпорындарының іргелес аумақтарын тазалау жұмыстары жүзеге асқан.
Осы жылы Т.Рысқұлов ауданында орналасқан 15 ауылдық округтің 14 ауылдық округін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жалпы 241,7 миллион теңге қаралыпты.
ШУ
Аймақта экологиялық акцияны жыл соңына дейін жалғастыру үшін іс-шаралар жоспары бекітілгені белгілі. Акция шеңберінде 6 сәуір және 11 мамыр аралығында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдік бұлақ» атты экологиялық іс-шаралар легі өз деңгейінде өткізілген.
Апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, жалпы 2850 мыңнан астам өңір тұрғындары, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері белсене атсалысты. Оның ішінде, 130 ерікті және 95 кәсіпорындар мен мекемелер қатысыпты.
Акция аясында 12 тарихи-мәдени ескерткіш, 90 мың шаршы метрді құрайтын саябақ пен сквер аумағы, 80 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 140 мың шаршы метр көшелер тазартылып, 230 тонна қоқыс шығарылды. Екі мың түп көшет отырғызылып, 3 су бұрқақ іске қосылды. Бұл жұмыстарға жалпы 27 бірлік техника жұмылдырылды. Аудандағы игі шаралар әлі де жемісті жалғасын табуда.
ТІЛШІ ТҮЙІНІ:
Жалпы, облыстың барлық аудандарында тазалық науқаны басталғалы бері 500 мыңнан аса адам 818 шақырым канал мен арық жүйесін, 4 жарым мың шақырым көшені тазалаған. Нәтижесінде 12 мың тонна қоқыс шығарылды. Осынау игі шара жыл аяғына дейін өз жалғасын таба бермек.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді