Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыға өтінім қабылдау басталды
- author «Ақ жол»
- 25 шілде, 2024
- 1.5k
Конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.
Сыйлық 16 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі, ал бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК құрайды.
Айта кетейік, соңғы 7 жылда 420 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосып, осы беделді марапатқа ие болды.
Қоғам өміріне белсенді араласатын, өз саласында көшбасшы атанған, әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосқан және инновациялық идеяларды іске асырған ұйымдар конкурсқа қатысуға өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18:30-да аяқталады.
Қатысу шарттары туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/685056?lang=kk
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:
+7 (7172) 74-09-97, 74-13-41, 74-02-17.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




