«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тараз қаласына қай елді мекендер қосылады?

Тараз қаласына қай елді мекендер қосылады?
Ашық дереккөз
Жамбыл облысы әкімдігінің Тараз қалысының шекарасын ұлғайту бойынша қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Құжатта шешімнің Тараз қаласы, Жамбыл және Байзақ аудандары әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде қабылданғаны жазылған.
Осылайша, Жамбыл ауданының 11 257,9181 гектар жері, Байзақ ауданының 1 761,2014 гектар жерін Тараз қаласына қосып, облыс орталығының шекарасын өзгереді. Тараздың жалпы жер көлемі 31 798,0742 гектар болады.
Ал бұл өөзгерістерден кейін Жамбыл ауданының жері 412 402,0819 гектар болады, ал Байзақ ауданы жері 444 259,80 гектарды құрайды.
Ал шекараны өзгерту барысында Байзақ және Жамбыл ауданындағы 14 елді мекен қаланың ішіне кіреді. Осылайша шығыс пен солтүстіктен Ақбұлым (4 022 адам), Талас (4 879 адам), Қызыл Жұлдыз (6 342 адам), Қоңыртөбе (484 адам), Шайқорық (4282 адам), Танты (214 адам) елді мекендері кіреді.
Батыс жағынан қала шекарасына Бектебе (3 292 адам) және Қызылшарық (1 315 адам) ауылдары кіреді. Екі ауыл да әуежайдың ұшу жолағына түседі. Оңтүстіктен Кемел (276 адам), Түрксіб (2 974 адам), Қала маңы (6 293 адам), Жалпақтөбе (9 836 адам) ауылдары кіреді.
Қала аумағы ауданы 18 787 гектардан 31 798,7 гектарға дейін ұлғаяды.

Ұқсас жаңалықтар