– Өзім секілді жас сарбаздармен бірге салтанатты түрде ант қабылдадым. Енді Отан алдындағы азаматтық борышымды адал атқару үшін бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын. Шыны керек, әскери бөлім бізге қатты ұнады. Бастысы, мұнда барлық жағдай жасалған. Келген күннен бастап командирлер білмегенімізді үйретіп, көмек қолын созуда. Бұған дейін оқу оқып, біршама жыл жұмыс істедім. Осы себепті, әскери борышымды өз уақытында өтеудің де реті келмеді. Ал, енді сарбаз атанған соң, өзіме жүктелген міндетті мүлтіксіз орындауға тырысамын. Өйткені, әскери өмір бізді жауапкершіліктен қашпауға, керісінше, қиындықты еңсеруге үйретеді, – дейді Олжас Жұмағалиұлы.
Айта кетейік, осы күні перзенттерінің ант қабылдау рәсіміне келген ата-аналарға әскери қызметтің тыныс-тіршілігі таныстырылып, қару-жарақ пен әскери техниканың көрмесі ұйымдастырылды. Жүректері лүпіл қаққан әрбір ата-ана елінің амандығы үшін қасқайып тұра алатын сарбаз тәрбиелегендеріне дән риза. Баласы ант қабылдап жатқан сәтін көрген ата-аналардың жүзінен қуаныш сезімі бірден байқалды.
– Отбасымызбен бірге баламның қуанышын көруге Астанадан арнайы келдік. Ант қабылдау рәсімі өз дәрежесінде өтті. Командирлердің қамқорлығына аналық жүрегіммен алғыс айтамын. Кеше ғана біз шығарып салған бозбалалар бүгін сап түзеп, есейіп қалғандай. Бар тілегіміз – перзенттеріміз аман-сау отбасымызға оралса екен. Ата-ана үшін баласының амандығынан басқа бақыт жоқ. Ұлым Отан үшін берген уәдесін орындайды деп сенемін. Сарбаздардың абыройы арта берсін. Ел аман, жұрт тыныш болсын, – деді қызылордалық Дулат есімді сарбаздың анасы Гүлзира Жаңабаева.
Ал, 5513 әскери бөліміне бағынысты тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығының аға көмекшісі, майор Алтынбек Сарсимов ел тыныштығын күзету абыройлы іс екенін Отан қорғаушылардың жадына тағы бір салып өтті. Ол өз сөзінде 10-ға жуық өңірден келген сарбаздарға облыс орталығында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, Тараз қаласында орналасқан өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №25, 58, 59 түзеу мекемелерін күзету бойынша жауапты қызметтер жүктелетінін атап өтті.
– Ант қабылдаған жас сарбаздардың алдында маңызды міндет тұр. Ол – әскери өмірдегі темірдей тәртіпке бағынып, Отан алдындағы азаматтық борыштарын абыройлы атқару. Әрбір жауынгер ата-анасының, туған-туысы мен әскери бөлімінің мақтанышы болуы тиіс. Сарбаздар кейінгі жастарға үлгі болады деп сенім білдіре отырып, оларға қиын да қызықты әскери өмірде сәттілік тілейміз, – деді Алмаз Мейрамұлы.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Референдум-2024: Сайлау учаскелері жұмысын тоқтатты
- Бүгін, 20:01
Бақылаушылар да белсенді
- Бүгін, 18:15
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- Бүгін, 14:24
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді