
Колумбия университетінде өткен жарысқа барлығы 50-ден астам елден оқушылар қатысты. Қазақстан құрамасының ішінде облысымыздан аттанған 4 жас математик бар. Атап өтерлігі, олардың төртеуі де жүлделі оралып отыр. Тараз қаласындағы №53 мектептің 4-сынып оқушысы Абылай Қалабай мен Қордай ауданы, Д. Қонаев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Әмірхан Вундунлар күміс медаль иеленсе, дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушылары Мирас Мирдадаев пен Алинұр Төлебек қола жүлдегер атанды.
.– Америка олимпиадасы өте жоғары деңгейде өтті. Бұл менің АҚШ-қа алғашқы сапарым. Жалпы, астрономияға, робототехникаға қызығушылығым жоғары. Бірақ, бала кезімнен математикаға құмармын, – дейді Абылай Қалабай
Абылайдың анасы Жансая Рахманқұлованың айтуынша, ұлы Қазақстанда математика пәнінен өткен барлық олимпиадалардың бірінші орын иегері. Ел абыройын асқақтату үшін алдағы уақытта да осындай халықаралық жарыстарға қатысу жоспарларында бар.
Жалпы, бұл математикалық олимпиада атақты астроном және математик Николай Коперниктің құрметіне арналған. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын, біліктілігін арттыруға, математикалық теорияның тереңдігін зерттеуге, шешімі қиын есептердің түйінін тарқатуға бағытталған.
«Aq jol»-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Қайыр сұрайтындар азаяр емес... неге?
- Бүгін, 02:04
Қалдықтардың 26 пайызы ғана қайта өңделген
- Бүгін, 01:50
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді