«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ескі мысты желісінен GRON жүйесі арқылы Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы ауылының әрбір тұрғын үйіне оптикалық желілер тартылып, осының нәтижесінде байланыс жылдамдығын бұрынғыдан да арттыруға қол жеткізіліп отыр. Оның салтанатты ашылу рәсіміне «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Бағдат Мусин қатысып, сөз сөйледі.
– Біздің компанияның отандық байланыс саласының дамуына қосып отырған үлесі өте зор. Жамбыл облысының Жуалы ауданында іске қосылғалы отырған жаңа жүйенің, оның ішінде, оптикалық тораптың байланысты арттыруда атқаратын рөлі ерекше. Компания басшылығының қолдауымен жүзеге асырылып отырған осынау жарқын жобаның ауыл тұрғындарына пайдасы бар деп айтуға толық негіз бар. Мұндай тораптың іске қосылуын өте құптарлық іс деп санаймын. Жаңа жүйенің жұмысын облысқа қарасты аудандарға үлгі ретінде тарату қажет. Ең біріншіден, мұның тиімділігіне баса мән берген жөн. Біз байланыс саласының жұмысын жақсартуға арналған мұндай жобаларға қашанда қолдау көрсетуге дайынбыз. Жаңа оптикалық тораптың халық игілігіне айналарына бек сенімдімін, – деп атап өтті Бағдат Батырбекұлы.
Сондай-ақ, аудан тұрғындарын «Қазақтелеком» АҚ-ның оңтүстік өңірдегі мекемелерін басқарған, Қазақстанның құрметті байланысшысы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Шерхан Раздықов, облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев және аудан әкімі Жалғас Мұртаза жаңа тораптың ашылуымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Компания басшысы бұдан кейін аудандық байланыс желілерінің жұмысымен танысып, облысқа қарасты аудандардың байланыс саласы басшыларымен кездесіп, жаңа оптикалық тораптың тиімділігін талқылаумен бірге, компаниядағы ұзақ мерзімді жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Аймақ тұрғындарының байланыс жүйелерімен қамтылу деңгейіне сараптама жасап, сала мамандарымен өзара пікір алмасты.
Қорыта айтқанда, жаңа тораптың іске қосылуы өңірдегі байланыс саласының жұмысын жаңғыртуға жаңаша серпін беріп отыр. Биыл аудан орталығында 1000 абонентті жаңа оптикалық жүйеге қосу жоспарланса, қазір 270 үйге жаңа жүйенің желілері тартылған.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Жуалы ауданында үш денсаулық сақтау нысаны ашылды
- 31 желтоқсан, 2024
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді