Қазіргі таңда қуаты 551,3 МВт құрайтын 22 ЖЭК жұмыс істейді. Оның ішінде, 6 су электр станциясы (24,4 МВт), 10 жел электр станциясы (275,6 МВт), 6 күн электр станциясы (251,2 МВт) бар. Өткен жылы сағатына 4 348,6 миллион кВт электр энергиясы өндірілсе, биыл сағатына 4 560,8 миллион кВт электр энергиясын өндіру жоспарланған.
Өңірде ЖЭК дамытуға мүмкіндік мол. Күн, жел және су электр станциясын салуға барлық жағдай қарастырылған. Облыс әкімдігі осы бағыттағы инвестициялық жобаларға басымдық беріп отыр.
Жалпы, алдағы жылдары ЖЭК бойынша үш ірі жобаны іске асыру көзделуде. Атап айтқанда, Мойынқұм ауданында «Total Eren» компаниясы тарапынан қуаты 1 ГВт құрайтын жел электр станциясы, Masdar (БАӘ) компаниясымен Сарысу және Талас аудандарында қуаты 500 МВт жел электр станциясы және China Power International Holding Limited компаниясымен қуаты 500 МВт жел электр станциясы салынады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, Жамбыл облысы ЖЭК қуатымен республикада көш бастаса, нысандар саны бойынша екінші орында тұр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




